Қазақстанда цифрлық активтерді заңдастыру тетігі әзірленіп жатыр

Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттің негізгі ұстанымы – «тыйым салу емес, реттеу».

2026 жылдың соңына дейін азаматтар мен компанияларға бұрын сатып алған немесе өндірген криптовалютасын Қазақстандағы лицензияланған платформаларға заңды түрде аударуға мүмкіндік беретін механизм әзірленеді.

Сондай-ақ жеке тұлғаларды отандық платформалар арқылы цифрлық активтермен операция жасағаны үшін жеке табыс салығынан босату жоспарланып отыр. Бұл жеңілдік 2026 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылдың соңына дейін ретроспективті түрде қолданылмақ.

Бұдан бөлек, мұнай кен орындарындағы ілеспе газдан электр энергиясын өндіріп, оны майнингке пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл газды жағу көлемін азайтып, энергетикалық жүйеге түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...