
Семейде 13 жастағы оқушы сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған. Жәбірленуші ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Оқиға сабақтан кейін болған. Мұғалімдердің айтуынша, екі бала бұрын дос болған, мектепішілік есепте тұрмаған.
Дәрігерлердің мәліметінше, жасөспірімнің ішкі ағзалары зақымданып, оған шұғыл ота жасалған. Хирургиялық араласу төрт сағатқа созылған. Қазір науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.
Жәбірленушінің туыстары күдіктіге қатысты қатаң шара қолдануды талап етіп отыр.
Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті жасөспірімнің өзі де жеңіл жарақат алған. Оған амбулаториялық ем тағайындалған.





