АҚШ тарифі Қазақстанға қалай әсер етеді?

Қазақстан тауарларына қатысты АҚШ тарифтері: ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеме жасады
2025 жылдың 7 шілдесінде АҚШ Президентінен биылғы жылдың 1 тамыздан бастап бірқатар елдерге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баждар енгізілетіні туралы ресми хабарлама келіп түсті. Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздықбірыңғай мөлшерлеме белгіленген.
Алайда, қазақстандық экспорттың басым бөлігі — мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар — жаңа тарифтердің қолданыстан алынуына байланысты жаңа бажсыз жеткізілуін жалғастыра береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп күтілуде.

Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында ҚР Үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдады. Қазақстанның мақсаты — нарыққа қол жеткізу және сауда шарттары мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылдау.
Қазіргі уақытта Америка тарабы  Қазақстанның ұсыныстарын  қарастыруда және келіссөздерді  өткізу күні туралы хабарлайды.

Қазақстан ұлттық мүдделерін қорғау және тұрақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мақсатында Америка тарапымен одан әрі келіссөздер жүргізуге дайын -деп,хабарлайды Сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Анықтама: Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4% — ға жоғары (4,1 млрд. АҚШ). Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізгі тауарлары: шикі мұнай — 1,1 млрд. АҚШ долл. (үлесі 56,2%), уран — 322,9 млн. АҚШ доллары (16,4%), күміс — 239,9 млн. АҚШ доллары (12,2%), ферроқорытпалар — 188,2 млн. АҚШ доллары (9,5%), тантал және одан жасалған бұйымдар — 17,6 млн. АҚШ (0,89%) және басқалар.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамырда 1 265,8 млн. АҚШ. 2025 жылғы қаңтар–мамырда Қазақстаннан АҚШ-қа Экспорт 418,2 млн. АҚШ.

Тағы оқыңыз...

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...