Дауға нүкте қойылды: Шайдоровпен келісім рәсімделді

Фото: ҚР Туризм және спорт министірлігі

Михаил Шайдоровқа қатысты қоғамда талқыланған мәселе өз шешімін тапты,-деп хабарлайды
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.
Оның айтуынша, спортшының командасына келісімшарт жолданып, оған қол қойылған. Құжат қолданыстағы заңнамаға сәйкес рәсімделіп, тараптар барлық тармақ бойынша ортақ келісімге келген.

Министрлік келісімшарт аясында қарастырылған қаржының толық көлемде төленетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ 5 маусымда Михаил Шайдоров жаңа маусымға дайындық үшін АҚШ-қа аттанады. Ал жақын күндері спортшы мен оның командасы Туризм және спорт министрлігінде болып, алдағы Олимпиадаға дайындық және елімізде мәнерлеп сырғанауды дамыту мәселелерін талқылайды.

Еще больше интересного

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Шымкент қаласының полиция департаменті Қайрат Нұртастың концертінде орын алған...

«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көптеп жиналуынан концертке келген...

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...