Ұлттық комиссия балалар қауіпсіздігіне қатысты үндеу жасады

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жол-көлік оқиғаларында балалардың қаза табуы мен жарақат алу жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Комиссияның мәліметінше, жаз мезгілінде балалардың көп уақытын далада өткізуі олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Осыған байланысты ата-аналар, жүргізушілер және барлық азаматтар балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырылды.

Үндеуде ата-аналарға балаларға жолда, аулада, су айдындарының маңында және табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін тұрақты түрде түсіндіріп отыру қажеттігі айтылған. Сондай-ақ велосипед, самокат және ролик тепкен кезде қорғаныс құралдарын пайдалану, балаларды қараусыз қалдырмау және олардың қайда жүргенін бақылау маңызды екені ескертілді.

Жүргізушілерге тұрғын үйлер, аулалар, саябақтар мен балалар алаңдары маңында аса мұқият болу, жылдамдық режимін сақтау және көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолданбау жөнінде үндеу жасалды.

«Бала көлікті байқамауы мүмкін. Ал жүргізуші баланы міндетті түрде көруі тиіс. Балалардың өмірі сіздің бір сәттік назарыңызға байланысты болуы мүмкін», – делінген үндеуде.

Ұлттық комиссия балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – отбасының, қоғамның және мемлекеттің ортақ міндеті екенін атап өтіп, жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барша қазақстандықтарды атсалысуға шақырды.

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...