Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған қалалық фестиваль өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда «Алматы БАЛАFEST – 2026» қалалық фестивалінің финалдық кезеңі өтті. Мерекелік іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Биылғы фестиваль мектеп оқушыларының цифрлық дағдысын дамытуға, шығармашылық қабілетін шыңдауға және ерте кәсіби бағдар беруге арналды. Іс-шараның негізгі алаңы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық саябақта ұйымдастырылып, оған шамамен 5 мыңға жуық бала қатысты.

Қатысушылар үшін жеті тақырыптық аймақтан тұратын білім беру және ойын-сауық квесті ұйымдастырылды. Оқушылар робототехника, ғылыми зерттеулер, медиаконтент жасау, сәндік-қолданбалы өнер, киберспорт және экологиялық жобалар бағыттарымен танысты.

Фестиваль қонақтарына халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары жетекшілік етті. Сонымен қатар төтенше жағдай қызметтерінің техникасы таныстырылып, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шебердің сабақтары мен кинологтардың арнайы көрсетілімдері өтті.

Фестиваль алдында мектепішілік, аудандық және қалалық кезеңдер ұйымдастырылып, олар шығармашылық, спорттық және ғылыми-интеллектуалдық жеті бағыт бойынша өткізілді. Жалпы байқау бағдарламасына 240,7 мыңнан астам оқушы қатысып, оның 2 571-і қалалық кезеңге жолдама алды.

Фестиваль қорытындысы бойынша 1 335 жеңімпаз бен жүлдегер анықталып, дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды. Олардың қатарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар да бар.

Айта кетейік, «БАЛАFEST» фестивалі Алматыда 2022 жылдан бері өткізіліп келеді. Жоба дарынды балаларды қолдауға, жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.

Еще больше интересного

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Шымкент қаласының полиция департаменті Қайрат Нұртастың концертінде орын алған...

«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көптеп жиналуынан концертке келген...

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...