Қазақстан атом энергетикасын дамытудың жаңа кезеңіне өтті

Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған атом саласын дамыту стратегиясы қабылданды.
Президент «Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын» бекітті. Стратегия — атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарын, тәсілдерін және басым бағыттарын айқындайтын ұзақ мерзімді бағдарламалық құжат. Ол жаһандық үрдістер мен ішкі сын-қатерлерді ескере отырып әзірленген, ұлттық энергетикалық қауіпсіздік пен орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға және халықаралық Климаттық міндеттемелерді орындауға бағытталған,-деп хабарлайды Атом энергиясы жөніндегі агенттік.
Құжат жоғарғы үкімет деңгейінде қабылданған негізгі шешімдердің қисынды жалғасы болып табылады. 2024 жылдың соңында республикалық референдумда АЭС құрылысын халық қолдайтынын білдірді.
Стратегия Қазақстанда әлемдік ядролық экожүйеге интеграцияланған заманауи және орнықты ядролық кластерді қалыптастыруға бағытталған және елдің энергетикалық және технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі болуға арналған.
Ұлттық атом саласын дамыту үшін атом энергетикасы мен өнеркәсібін, ядролық ғылым мен қолданбалы ядролық технологияларды, қалдықтармен жұмыс істеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін дамыта отырып, ядролық кластерлер құру, сондай-ақ отандық жоғары білікті кадрларды кешенді даярлау және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігі қарастырылуда.

Еще больше интересного

Шымкент қаласының полиция департаменті Қайрат Нұртастың концертінде орын алған...

«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көптеп жиналуынан концертке келген...

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...