ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және заманауи қатерлердің алдын алу – мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі. 2026 жылы Қазақстанда осы бағыттағы жұмысты үйлестіру тетіктері жаңартылып, Қауіпсіздік Кеңесінің институционалдық рөлі күшейтілді.

2026 жылғы 31 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Мемлекет басшысы жаңа аппараттың құрылуына байланысты ұлттық қауіпсіздік, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттерді айқындады.

11 қыркүйекте бекітілген ережеге сәйкес, Аида Балаеваның үйлестіру бағыттарына ақпараттық және киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы  іс-қимыл, азаматтық қорғаныс мәселелері енгізілді.

Жаңа міндеттердің практикалық көрінісі 3 қарашада Шымкентте байқалды. Аида Балаева төрағалық еткен Қазақстан мен Өзбекстан қауіпсіздік кеңестері аппараттарының сегізінші кездесуінде терроризм, діни экстремизм, киберқылмыс, есірткі тасымалы және жастардың радикалдануының алдын алу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылып, бірлескен сарапшылар тобын құру туралы келісім жасалды.

Сонымен қатар Президенттің БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру және климаттық әрі техногендік төтенше жағдайларды болжаудың өңірлік орталығын ашу бастамалары да қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Осылайша, Қауіпсіздік кеңесі қызметінің жаңартылуы қауіп-қатерлерге алдын ала әрекет етуге, мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған стратегиялық қадам болып отыр.

Еще больше интересного

Боқаев «ҚазТрансГаздан» кеткен соң компания ақшасын игеруге қалай араласты

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтың ісі бойынша қаржылық және кадрлық құжаттарды зерттеу жалғасып жатыр. Кезекті...

Ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайыз бола ма?

Қазақстанда баспана алуды жеңілдететін жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатыр. Енді үйдің бастапқы жарнасына пәтер құнының 10 пайызы...

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТІ КҮШЕЮДЕ

Қазақстан Еуразиядағы көлік-логистика торабындағы орнын нығайту үшін халықаралық дәліздерді дамытып, тасымалды цифрландыруға басымдық беріп келеді. Көлік министрлігінің...