ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАЛА КЕЗДЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ

Қоғамдағы заң мен тәртіп қағидатын сақтау – мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды негіздерінің бірі. Бұл бағыттағы жұмыс тек құқық бұзушылықтың алдын алумен шектелмейді. Ең бастысы – азаматтардың заңға деген құрметін қалыптастырып, қоғамда жоғары құқықтық мәдениетті орнықтыру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз жастардың құқықтық сауатын арттыруға баса мән беруіміз керек» – деп, құқықтық білім беруді күшейтудің маңызын атап өткен болатын. Мемлекет басшысы жастарға заңды құрметтеу мен оған бағынудың маңызын қарапайым тілмен түсіндіру қажет екенін де айтқан.
Осы ретте Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов бұл жұмысты ең алдымен өскелең ұрпақтан бастаудың маңыздылығын атап өтті.
«Бұл өте маңызды мәселе. Өйткені әңгіме тек қоғамдық орындарда заң талаптарының сақталуы туралы емес. Жалпы қоғамда құқықтық мәдениет қалыптастыруымыз керек», – деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, құқықтық мәдениетті қалыптастыру – бір күнде жүзеге асатын жұмыс емес. Сондықтан түсіндіру шаралары балабақша мен мектептен бастап жүйелі түрде жүргізілуі қажет.
Балалар мен жастарға заң талаптарын түсіндіру жұмыстары құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұйымдастырылып, ашық сабақтар, кездесулер және түрлі қоғамдық іс-шаралар өткізіледі. Мұндай формат жастардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, заңды құрметтеу мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын ерте жастан түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте жастармен тікелей жұмыс істеуге ерекше мән беріліп отыр. Өйткені бүгінгі жас – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі. Жастардың заң мен тәртіпке деген көзқарасы жалпы қоғамдық ортадағы мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер етеді.
«Жастарға дұрыс ақпарат жеткізу, оларға заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру өте маңызды. Сондықтан ең алдымен дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруымыз керек», – деді Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы.

Еще больше интересного

«Байсейітованың айнасы, Брусиловскийдің фортепианосы»: Алматыда өнер мұражайы қайта жаңғырды

Алматыда «Ақбала» ұлттық балетінің премьерасы қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жаңартылған интерактивті музейдің...

Министр донорлыққа келісім берді

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беруге келісімін eGov арқылы тіркеді. Министр бұл...

Астанада 15-қабаттан секірген әйел екі жасар баланың үстіне құлап,...

Астанада қайғылы оқиға болды. Полицияның мәліметінше, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секіріп кеткен. Құлау кезінде әйел...