«Әділет» партиясы Әділетті Қазақстан бағытын қолдайтынын мәлімдеді

«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
«Әділет» партиясында Саяси кеңестің отырысы өтіп, онда ұйымдық даму, өңірлік құрылымды нығайту мәселелері мен партия жұмысының
алдағы бағыттары талқыланды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының құрылуы қоғамның әділдікке деген ұмтылысы мен қазақстандықтардың белсенді қолдауының нәтижесі екенін атап өтті. Партия мүшелерінің алдында
қоғамдық бастамаларды, кәсіби тәжірибені және белсенді азаматтарды елді дамыту жолында топтастыра отырып, орталықта және өңірлерде тиімді жұмыс жүйесін қалыптастыру міндеті тұр.

«Бүгінде әділдік идеясын қоғам барған сайын кеңінен қолдап келе жатқанын көріп отырмыз. Партия төңірегіне еңбек адамдары, кәсіби қауымдастық өкілдері, жастар мен қоғам қайраткерлері бас қосып жатыр. Алдымызда өңірлерде тиімді ұйымдар құру,
партиялық басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру, партияның мықты сараптамалық және кадрлық әлеуетін жасақтау міндеті тұр. Ең бастысы — азаматтардың сенімін ақтауымыз керек. Біз Мемлекет басшысының барлық прогрессивті күштерді Әділетті Қазақстан идеясының
төңірегіне топтастыру жөніндегі үндеуін қолдаймыз және нақты бастамалар, ашық диалог пен жауапты жұмыс арқылы осы
бағытты іске асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз», деді партия төрағасы Айбек Дәдебай.
Отырыста 14 маусым күні Астанада өтетін партияның ІІ съезіне дайындық пысықталып, партиялық құрылымды одан әрі дамытуға және
өңірлердегі жұмысты жетілдіруге қатысты бірқатар ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Талқылау барысында Саяси кеңес мүшелері партия жұмысының алдағы негізгі бағыттарын қолдады. «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Аят Сүгірбай партиялық құрылымды нығайту мен өңірлердегі жұмысты дамытудың маңызын атап өтті. Ал саясаттанушы Бүріхан
Нұрмұхамедов қоғамды әділдік, жауапкершілік және елдің жасампаз дамуы жолында күш біріктірудің маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, партия қоғамдық және кәсіби бірлестіктермен ынтымақтастықты арттырып, Әділетті Қазақстанды дамытуға қатысты
өзекті мәселелер бойынша жаңа бастамалар әзірлеп жатыр.

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...