Сталкинг – махаббат та, қамқорлық та емес. Бұл – адамның жеке шекарасын бұзу

Парламент Мәжілісінде «Сталкинг пен некеге мәжбүрлеудің алдын алу: заңнама, қорғау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында жаңа қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданудың алғашқы нәтижелері, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау, жастар арасындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту және қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Депутаттар мен сарапшылар сталкингтің қызғаныштың немесе табандылықтың көрінісі емес, адамның қауіпсіздікке, жеке өмірге және еркін таңдау жасауға деген құқығын бұзу екенін атап өтті.
Жиын барысында сталкингтің зардабын шеккен белгілі журналист Дана Нұржігіт сталкинг пен психологиялық қысым тақырыбына арналған «Көлеңке» кітабын жазып жатқанын хабарлады. Автор кітабының тұсаукесерін алдағы күзге жоспарлап отыр. Детектив жанрында жазылған кітапта сталкингке ұшыраған жағдайда қалай әрекет ету керектігінің алгоритмдері де ұсынылмақ.
2026 жылдың басынан бері сталкинг бойынша 41 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 11 мыңнан астам адам қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.
Сот шешімімен 9200 агрессорға ерекше мінез-құлық талаптары белгіленді. Оның ішінде 8300 адамға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынды.
Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 10 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олардың барлығына міндетті психокоррекциялық шаралар тағайындалды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы жаңа заң аясында 1928 адамға ресми ескерту жасалды. Бұдан бөлек, 49 агрессорға жәбірленушілерге жақындауға тыйым салынды.

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...