Әкелер күні мерекесінде футболдан шеберлік сабақ өтті

Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісі – Әкелер күні. Осыған орай «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында футболдан шеберлік сабақ ұйымдастырылды. Спорттық шараға әкелер мен балалар қатысып, кәсіби бапкерлердің жетекшілігімен арнайы жаттығулар жасады. Сондай-ақ басқосу соңында отбасылық командалар жолдастық матч өткізді.

Шараның құрметті қонағы ретінде «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының басшысы Бекдайыр Күзембай, «Әкелер одағы» бірлестігінің Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Темірхан Тұрлыбаев және танымал футболшы, футболдан ұлттық құрама бас бапкерінің ассистенті Елдос Ахметов қатысты.

– Үш жыл бұрын Үкімет қаулысы шығып, отбасыға қатысты екі мереке ресми атап өтілетін болды. Біріншісі Аналар күні, екіншісі Әкелер күні. Мұндай қадам отбасы институтын нығайтуға және ата-бабадан жеткен салт-дәстүрімізді насихаттауға зор үлес қосып келеді. Мереке қарсаңындағы ел аумағында ата-ана жауапкершілігін арттыруға арналған келелі жиындар толастаған емес. Бүгінгі спорттық шарада да әке мен баланың ынтымағының, отбасы бірлігінің куәсі болдық, – дейді Бекдайыр Күзембай.

Ал танымал спортшы Елдос Ахметов әкелердің балаларымен бірге жаттығып, бірге алаңға шығуын жақсы бастамаға балады.

– Әкелер мен балаларды спорт арқылы біріктіретін осындай шаралардың маңызы өте зор. Футбол – тек ойын емес, ол тәртіпке, жауапкершілікке және бір-бірін қолдауға үйретеді. Бүгін алаңда әкелер мен балалардың бірге жаттығып, бірге ойнағанын көру ерекше әсер қалдырды. Осындай кездесулер отбасылық байланысты нығайтып, балаларға жақсы үлгі береді, – деді Елдос Ахметов.

Айта кетейік, «Отбасы – бақыт мекені» жобасы астаналық жас отбасыларды қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, олардың жан-жақты дамуына және бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етуде.

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...