Ақтөбедегі сұрапыл дауыл

Ақтөбе қаласында ауа райының күрт нашарлап, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуіне байланысты қалалық қызметтер дауыл салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, қала көшелерінде құлаған ағаштарды жинауға 10 мердігер ұйымның бригадалары мен арнайы техникалары жұмылдырылған. Жұмыстар Астана және Алматы аудандарындағы бірнеше учаскеде атқарылуда. Көпқабатты тұрғын үйлердің аула аумақтарындағы ағаштарды шығару жұмыстарын КСК және ОСИ өкілдері ұйымдастыруда.

Сондай-ақ дауыл салдарынан 2 көпқабатты тұрғын үй мен 5 жеке тұрғын үйдің шатыры зақымданғаны хабарланды. Электр желілерінде де ақаулар тіркелген. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының бірнеше ауданында, сондай-ақ Қурайлы және Пригородный тұрғын алаптарында электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Мамандардың мәліметінше, апат салдарын жоюға 10 авариялық бригада мен арнайы техника тартылған.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...