Бес адамның өмірін қиған жол апаты

21 маусым күні «Астана – Қорғалжын» автожолында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Соқтығыс салдарынан екі Toyota маркалы автокөлік өртенді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ақмола облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...