Әл-Фарабидегі жол апатында қаза тапқан қыздың әкесі сотталушыдан 100 млн теңге өндіріп беруді талап етті

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша сот отырысында жәбірленуші тараптың өкілі қаза тапқан қыздардың бірінің әкесінің азаматтық талабын жариялады. Ер адам айыпталушыдан моральдық зиян үшін 100 миллион теңге өндіріп беруді сұрады.

Өз өтінішінде ол адам өмірі ең жоғары құндылық екенін, ал жақын адамыңнан айырылу орны толмас қасірет әкелетінін атап өтті. Оның айтуынша, ерте заманда адам өлімі үшін жүз түйе көлемінде құн төленген, алайда ешқандай өтемақы қаза болған жанды қайтара алмайды.

Әкесі жалғыз 20 жастағы қызының өлімі оның өмірін түбегейлі өзгерткенін айтты.

«Қызым қайтыс болғаннан кейін өмірім “дейін” және “кейін” болып екіге бөлінді. Одан айырылудың қайғысы менімен күн сайын бірге. Ешқандай ақша да, басқа материалдық құндылықтар да қызымды қайтара алмайды және бастан өткерген азабымды жеңілдете алмайды», – делінген талап арызда.

Өтемақы мөлшерін анықтау кезінде талапкер соттан марқұмның жас екенін, моральдық азаптың ауырлығын, қайғылы оқиғаның орны толмас салдарын және келтірілген моральдық зиянды толық өтеудің мүмкін еместігін ескеруді сұрады. Осыған байланысты ол 100 миллион теңге көлеміндегі өтемақыны әділ деп санайды.

Еске салайық, қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болды. Тергеу мәліметінше, Zeekr маркалы көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Бұған дейін Zeekr жүргізушісі марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрап, болған жағдай үшін өзін ешқашан кешіре алмайтынын мәлімдеген еді. Сонымен қатар, қаза тапқан үш адамның ата-анасының барлығы дерлік, кейін ғана жәбірленуші ретінде танылған қыздың әкесінен басқа, соттан айыпталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған. Ал сотталушының өзі жауапкершіліктен жалтармайтынын айтты.

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...