ҰҚК Қазақстан шекарасындағы делдалдардың заңсыз әрекетінің жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысындағы мемлекеттік шекарада заңсыз делдалдық қызмет көрсетумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылғанын хабарлады.

Арнайы операция 12 маусым күні прокуратура органдарының үйлестіруімен ҰҚК мен полиция қызметкерлері тарапынан жүргізілген. Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер жүк көліктерінің жүргізушілеріне ақшаға мемлекеттік шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдерден жедел өтуге мүмкіндік беретін заңсыз схема ұйымдастырған.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның ішінде бес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту барысында құқық қорғау органдары бес бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі қолма-қол ақша, сондай-ақ тергеу үшін маңызы бар өзге де заттарды тәркіледі.

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық істің өзге мән-жайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес жария етілмейді.

Бұған дейін Ақтөбе облысында міндетті төлемдерден жалтару мақсатында жүк және жеңіл автокөліктерді заңсыз тіркеуге қойған қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталған болатын.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...