«Alatau City-ге 2 трлн теңге инвестиция тартылмақ»

«Alatau City-ге 2 трлн теңге инвестиция тартылмақ»

Alatau City – Қазақстандағы ең ірі урбанистикалық әрі экономикалық жобалардың біріне айналмақ. Үкімет жаңа қаланы дамыту кезінде Шэньчжэнь, Хайнань және Дубайдың тәжірибесіне сүйеніп, арнайы құқықтық режим, салықтық жеңілдіктер және «бір терезе» қағидатын енгізуді жоспарлап отыр. Жоба аясында арнайы Конституциялық заң да қабылданды. Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қала негізінен жеке инвестиция есебінен салынады. Бүгінде Alatau City бойынша жалпы құны шамамен 2 трлн теңгеге жуық 50-ден астам инвестициялық жоба қарастырылған. Ал мемлекет әлеуметтік және базалық инфрақұрылымды дамытуға қаржы бөледі. Қазіргі таңда жол картасы бекітіліп, оған 300 млрд теңге қарастырылған.
Үкімет жаңа қаланы әлемдік деңгейдегі экономикалық эксперимент алаңына айналдыруды көздейді. Себебі соңғы он жылда әлемде осындай мыңнан астам жоба іске қосылғанымен, олардың 60 пайызы бюрократия, құқықтық дербестіктің әлсіздігі және инфрақұрылым мәселелерінің салдарынан сәтсіз аяқталған. Қазақстан билігі бұл тәуекелдерді алдын ала ескеріп отырғанын айтады.Инвесторларға ұзақмерзімді кепілдік пен тұрақты ережелер ұсынылады. Салықтық жеңілдіктер тек нақты жобаны жүзеге асырып, Alatau City аумағында табыс табатын компанияларға ғана беріледі. Басқа өңірдегі бизнесті формалды түрде қайта тіркеу арқылы жеңілдік алу мүмкін болмайды.
Болашақ қаласында аэротакси де іске қосылмақ. Алғашқы демонстрациялық ұшулар өтіп үлгерді. Жоба авторларының айтуынша, аэротакси құны премиум такси бағасымен шамалас болады. «Alatau City Authority» мемлекеттік қорының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыровтың мәліметінше, 1 шақырым ұшу құны орта есеппен 1 долларды құрайды.

Еще больше интересного

Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қалдықтарды энергияға айналдыру саласындағы ҚХР мен Орталық Азиядағы ірі жобаларды жүзеге асыру...

Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады

Президенттің қолынан марапат алғандар қатарында «Отан» орденін иеленген белгілі әнші әрі домбырашы Татьяна Бурмистрова , екінші дәрежелі...

«Жабайы көшпенділер» емес, қуатты өркениет»: Қасым-Жомарт Тоқаев дала империялары...

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көшпелі халықтар мен дала империяларын «мемлекет бола алмаған құрылымдар» ретінде көрсетуге тырысатын көзқарастарға...