Алматыда әкелер форумы өтті

Алматыдағы №90 мектеп-лицейде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған қалалық «Әкелер форумы» өтті. Іс-шараға мектептің 49 сыныбынан әкелер арнайы шақырылып, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі, отбасы жауапкершілігі, жасөспірімдер арасындағы тәртіп пен патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды.

Форумда генерал-майор, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Асқар Оспанов жас ұрпақ тәрбиесінің маңызына тоқталды.

«Ертеңгі елдің патриоты, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуы үшін бала тәрбиесіне бүгіннен көңіл бөлуіміз керек. Сондықтан осындай кездесуге арнайы келіп отырмын», – деді ол.

Алмалы ауданының аға прокуроры Әсел Әбдікәрімова форумның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу екенін атап өтті.

«Әр әкеге бала тәрбиесі мен оның тұлға болып қалыптасуында әкенің рөлі қаншалықты маңызды екенін жеткізгіміз келеді. Өйткені бала әкесіне әрдайым үлгі тұтып, ерекше сеніммен қарайды», – деді Әсел Әбдікәрімова.

Іс-шара барысында мамандар тәрбие, психология, медиация және жасөспірімдер арасындағы тәуелділіктің алдын алу тақырыптарын қозғады. Сондай-ақ қатысушыларға мектеп театрының қойылымы ұсынылды.

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...