Баян Алагөзова актриса Меруерт Өтекешеваға өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге төлейтінін мәлімдеді

Продюсер Меруерт Өтекешеваны «мәңгілік Қыз Жібек, қазақ қызының символы» деп атап, келесі жылы өтетін «Қазақ аруы» байқауын актрисаға арнайтынын айтты. Сонымен қатар, оған тон сыйлады.

«Өз атымнан және жұбайымның атынан сізге ай сайын 1 миллион теңге көлемінде өмір бойғы алғыс сыйақысын тағайындағым келеді», – деді Баян Алагөзова.

Айта кетейік, жуырда «Қыз Жібек» фильміндегі камзол қоғамда қызу талқыға түскен еді. Баян Алагөзова оның жеке коллекциясында екенін және сыйлыққа алғанын айтқан. Осыған байланысты қоғам пікірі екіге бөлінді: бірі камзол музейде сақталуы керек десе, енді бірі оның сенімді қолға түскенін айтты.

Еще больше интересного

Блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды

Енді өзбекстандық блогерге іздеу жарияланды. Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматов...

Абай күні

10 тамыз Ұлы Абайдың туған күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.Президент құттықтауында...

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және...

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп»...