Әскерде қашан тәртіп орнайды?

“Әскерде әлімжеттік жоқ. Бірақ әскерде ер жігіттер арасында келіспей, ерегісіп қалатын жайттар болады” — деді, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов сенат дәлізінде журналистердің сұрағына жауабында. Тілшілер министрге әскерде қайтыс болған, мүгедек болып қалған сарбаздардың аналарының талабына қатысты сұрақ қойған едік. Еске сала кетейік, қарашаның 10-ы күні Астана қаласындағы Министрліктер үйінің алдына жиналаған бір топ ана ел әскеріне тескеріс жүргізіп, тәртіпсіздік пен заңсыздықты жою туралы талабын алға тартқан еді.

Қолдарындағы плакаттарда — «Реформа талап етеміз!», «Баланы әскерге барып өлсін деп туған жоқпыз» деген жазбалар болды. Олар әскердегі әлімжеттік, жарғыдан тыс қатынастар проблемасы барын айтқанды. Аналардың талабы Ақордаға жетіп,Президент құзырлы органдарға 12 күннің ішінде тексеріс жүргізіп, мәселені анықтауды тапсырды. Қазір прокуратура тарапынан әскерде тексеру жүріп жатыр. Қорғаныс министрі Қосанов мырза аналардың талабына қатысты өз ойын айтты.

-Ол кісілерді біз бірнеше рет қабылдағанбыз. Журналист: Әскерде тәртіпсіздік бар дегенге келісесіз бе? Министр: Біз келісеміз. Қазір барлық жұмысты жасап жатырмыз. Командирлермен жұмыс істеп жатырмыз. Психология институттарымен де бірлесіп жұмыс жүргізілуде. Әскерде әлімжеттік жоқ. Бірақ әскерде ер жігіттер арасында келіспей , ерегісіп қалатын жағдайлар болады. Ол қоғамда да бола береді.

Тағы оқыңыз...

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ...

Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының...

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

ҚР Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын хабарлайды. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те...