Автолизинг алу тиімді ме?

Фото: ЖИ

1-і желтоқсаннан бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған жаңа автолизинг бағдарламасы іске қосылды. Күні кеше жеке тұлғаға бірінші көлік берілді. Бұған дейін, депутаттар да елімізде лизинг тек заңды тұлғаларға, яғни автопаркі бар компанияларға ғана беріледі. Ал әлемдік тәжірибе көрсеткендей, автокөліктердің төрттен бірі лизинг арқылы рәсімделеді деп мәселе көтерген болатын. Лизинг – көлікті ұзақ мерзімге жалға алып, мерзімі аяқталған соң оны толық сатып алуға мүмкіндік беретін құрал. Автолизинг алу қаншалықты тиімді?
Несиеден айырмашылығы бар. Автолизинг деген ол аренда сияқты. Ол несие емес. Кеше Алматыда алғашқы шарт жасалып, КiaSoluto көлігі лизингке берілді -дейді,Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Екінші деңгейлі банктердің шарықтаған пайызына байланып, несиеге көлік алғанша, лизингке алған тиімді дейді министрлік өкілдері. Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаевтың айтуынша, автолизингтің автонесиеден бірінші айырмашылығы — көлік лизинг алушыда емес, берушінің меншігінде қалады. Алынған лизинг сомасы толық өтелгенше көлік лизинг компанияның меншігінде болады. Лизинг алушы астындағы көлікті кез келген уақытта компанияға барып ауыстыра алады. Екінші артықшылығы — лизинг мәліметтерінің несие тарихына ықпалы аз болады. Лизингтен өткен адамның келісімшарты несие тарихында ескерілмейді. Ал күні кеше Алматы қаласында автолизинг алған бірінші жеке тұлға тіркелді. Пилоттық режимде үлестірліп жатқан автолизингті беру ережесі әлі де өзгеруі мүмкін дейді мамандар. Себебі, бұл заңды тұлғаға берілетін лизинг ережесімен бастау алған жоба. 10 пайыз бастапқы жарнасымен, 15 пайызбен үш жылға берілді. Ал халықаралық тәжірибеде мұндай жеке тұлғаға берілетін лизингте бастапқы жарна жоқ және мөлшерлемесі де төмен.

— Бұған дейін жеке тұлғаларға лизинг беріп көрген жоқпыз ғой. Сондықтан біз заңды тұлғалардың негізгі шарттарын алып, жеке тұлғаларға бердік. Халықаралық тәжірибеде бастапқы жарна деген жоқ. Біз жеке тұлғаның механизімін толық білемйміз. Сол себепті тәуекелге барып бірінші лизингті бердік. Ары қарай автодиллерлемен ережесін өзгертуіміз мүмкін. Әрі қарай жетілдіреміз. Қазірдің өзінде бірқатар ұсыныс түсті. Оның бәрін Үкіметпен, қауымдастықпен бірге пысықтайды дейді, «ForteLeasing» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Саят Үрпекжанов.

Маманның сөзінен түсінгеніміз бұл жоба әлі де шикілеу. Сондықтан лизингті беру барысы жетілдіріледі.Алайда,үкіметтегілер бір істі бастап алып соңына жеткізбей жаба салатын әдетіне салмаса болды. Естеріңізде болса, 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беріп, халықты қарық қыламыз деп, аяғында ол қаражат қоғамдық көлік алуға керек екен деп, тоқтатып тастаған болатын.

Тағы оқыңыз...

Сыйластық, тазалық және Заң – қазақ қоғамына жаңа құндылықтар...

ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин әлеуметтік желіде бейәдеп сөздері мен әрекеттері үшін жауапқа тартылған...

«Қазақстанның болашағы – адам капиталы»: Ұлттық теледебат қорытындыланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында...

Ұлттық теледебат: Партиялар өз бағдарламаларын таныстырды

Qazaqstan Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтіп жатқан теледебаттың алғашқы кезеңінде Құрылтайына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері өздерінің...