Атом энергиясы агенттігі ашықтық қағидатын ұстанады

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі барынша ашықтық қағидатын ұстанады.АЭС құрылысы мәселелері бойынша ынтымақтастықтың негізгі шарттары ашық дереккөздерде қолжетімді болады.
Алайда, жобаның технологиялық ерекшеліктері мен ауқымын, сондай-ақ АЭС салу бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, жекелеген мәселелер құпиялылық туралы келісімдермен реттеледі, соған сәйкес кейбір ақпараттың таралуы шектеледі,-деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.
Ал бұған дейін энергетика вице-министрі “Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) құрылысына кететін шығынды құпиялау мүмкіндігі қарастырылып жатыр”,- деген еді. Вице-министр Сұңғат Есімхановтың айтуынша, елдегі энергетикалық жобалар бойынша ақпарат, әдетте, ашық — тендерлер мен аукциондар жария түрде, бақылаушылардың қатысуымен өтеді. Алайда АЭС жағдайы бұл тұрғыда ерекшелік болуы мүмкін.

«АЭС бойынша мұндай ықтималдық бар. Бұл — ірі жоба, және, бәлкім, үкіметаралық келісім болады», — деді ол.

Еще больше интересного

Атом энергиясы агенттігі ашықтық қағидатын ұстанады

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі барынша ашықтық қағидатын ұстанады. АЭС құрылысы мәселелері бойынша ынтымақтастықтың негізгі шарттары ашық...

Роман Скляр Президент Әкімшілігін басқарды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Роман Склярды Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындады. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. Скляр бұл...

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында сәйгүліктерін таныстырды

Президенттің айтуынша, ерекше көзді, ақшыл түсті ахалтеке тұқымды тұлпардың есімі – Ақжан. Бұл жылқы оған бір жыл...