Аудиторлар триллиондаған теңгеге бюджет бұзушылықтарын анықтады

Қазақстанда мемлекеттік аудиттердің қорытындысы бойынша бюджет қаражатын пайдалану барысында ауқымды бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы 2025 жылғы 24 желтоқсанда Мәжілістегі брифингте Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Смайыловтың айтуынша, биыл 32 аудит аяқталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп, былтыр 27 аудит жүргізілген. Тексерулер 70 трлн теңгеден астам бюджет қаражатын қамтыды.

Нәтижесінде аудиторлар 2 трлн теңгеден астам бұзушылықты анықтады. Оның ішінде шамамен 500 млрд теңге қаржылық бұзушылықтарға тиесілі болса, 1,5 трлн теңгеден астамы бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактілері.

Тексеру қорытындысы бойынша 193 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 204 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар 70 материалды құқық қорғау органдарына жолдау туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда олардың 44-і жолданып, тағы 26 материал жіберу сатысында тұр.

Тағы оқыңыз...

Ясминаның алтыны жарамсыз деп танылды

Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы алтыны аяқ киімге байланысты жойылды. Қазақстандық 21 жастағы спортшы Ясмина Тоқсанбаева марафондық спорттық жүрістен...

Тоқаев Қорғаныс министріне әскери қызмет қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады. Кездесуде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және Қарулы Күштердің...

ФЕЙК: Ескі видео Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға телінді

Әлеуметтік желіде әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір манипуляциялық видео тарады. Кадрда қайтыс болған адамның «денесін» көлікпен...