“Ауыл” партиясы да төрағасын ауыстырды

Қазақстандағы саяси партиялардың қатарында тағы бір кадрлық өзгеріс болды. «Ауыл» партиясының кезектен тыс съезінде партия төрағасы Серік Егізбаев өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешім партияның жаңарған саяси жүйеге бейімделуі және алдағы сайлау науқанына дайындық жұмыстарымен байланысты.

Съезд делегаттары партия төрағалығына ұсынылған Қайрат Айтуғановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Аграрлық сала мен мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам тәжірибесі бар Қайрат Айтуғанов «Ауыл» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды.

Сондай-ақ съезд барысында партия Жарғысына жаңа Конституция талаптарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...