
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Рмазан айының басталатын күнін жариялады.
«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі», — деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

