Элиталық көліктер мен шоттардағы миллиондар: Қазақстанда интернет-казино ісі бойынша күдіктілердің мүлкі тәркіленді

Қазақстанда заңсыз онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікке ілінген тұлғалардың 420 млн теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкі тәркіленді. Тергеуді Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) департаменті жүргізіп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, болжамды қылмыстық топ 1Win брендімен заңсыз интернет-казино ұйымдастырған. Қызметті жасыру үшін жалған тұлғалардың атына тіркелген аффилирленген компаниялар желісі пайдаланылған.

Тергеу дерегіне сәйкес, платформа 11 мыңнан астам онлайн-ойынға, сондай-ақ спорттық және киберспорттық оқиғаларға бәс тігуге қолжетімділік берген. Бәс қабылдау және ұтыс төлеу банктік карталар, электронды төлем жүйелері мен криптовалюталар арқылы жүзеге асырылған.

Күдіктілер халықаралық іздеуге жарияланып, оларға қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Не тәркіленді?

Сот шешімімен мемлекет кірісіне:
• Mercedes Maybach S500
• Lamborghini Huracan
• Toyota Land Cruiser

Сондай-ақ ақша қаражаттары:
• 151 млн теңге
• 14,6 мың АҚШ доллары
• 44,4 мың еуро

Жалпы тәркіленген мүліктің құны 420 млн теңгеден асты.

Істің мән-жайы

Онлайн-платформаның заңсыз қызметіне қатысты тергеу 2023 жылдың тамыз айында басталған. Сол кезде сервис құмар ойын бизнесімен қатар лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткені хабарланған.

ҚМА мәліметінше, тек 2023 жылдың өзінде заңсыз қызметтің айналымы шамамен 4 млрд теңгені құрауы мүмкін. Сондай-ақ төлемдер тиісті аутентификациясыз интернет-эквайринг арқылы қабылданғаны, бұл кәмелетке толмағандардың да құмар ойындарға қатысуына мүмкіндік бергені айтылған.

Бұған дейін халықаралық іздеуге Ресей, Украина және Қазақстан азаматтарын қоса алғанда бірнеше күдікті жарияланған.

Еще больше интересного

Түркі әлемінің ортақ тарихы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді

Түркістанда 880 беттен тұратын екі томдық энциклопедия таныстырылды. Бес жыл әзірленген ғылыми жобаға 300-ден астам ғалым қатысып, оған академик Дархан Қыдырәлі жетекшілік етті. Түркістан облысы...

Тоқаевтың Германияға ресми сапары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен...

Астанадағы әйел өлімі: төрт полицей қызметінен кетті

Астанада 30 жастағы әйелдің бұрынғы күйеуінің қолынан қаза табуына байланысты полиция қызметкерлеріне қатысты қатаң шаралар қабылданды. Бұған дейін...