Балалар үйіндегі жанжалға Тоқаев араласты

«Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды. Аталған балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейтін болды. Орын алған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады деп хабарлайды Ақорда.

Еске сала кетейік, 21 шілдеде Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін ерікті түрде көшіру соңында жанжал туды.

Дүйсенбінің таңында балалар үйінің қақпасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын автобусқа отырғызу үшін көліктер келген. Әлеуметтік желіде тараған бейнетүсірілімде балалар үйінің кей тәрбиеленушілері автобустардың жолын бөгеп, алдына тұрып алды.
Оқиғаға полиция араласып, видеоға қарағанда, балалармен дөрекі қарым-қатынас жасаған. Кадрларда балалар үйінің тәрбиеленушілері оларды ұстамауды өтініп, жанжал шығарғаны көрінеді.

Видео: https://www.instagram.com/reel/DMW4hjRyt1J/?igsh=NDk5MHBkdHg4NTMz

Тағы оқыңыз...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...

Астанада көктемгі тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы...

Жаңа өнеркәсіптік саясат: Экономиканы әртараптандырудың жаңа кезеңі

Қазақстанда жаңа өнеркәсіптік саясат ел экономикасын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі ретінде іске асырылып келеді. Бұл...