БҚО-да ветеринарлардың қатысуымен ұрланған малды заңдастыру схемасы әшкереленді

Батыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдары мал ұрлау және оны заңдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады.

Бас прокуратураның мәліметінше, топ мүшелері ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаумен айналысқан. Ұрланған малды кейін сату үшін арнайы «заңдастыру» тетігі қолданылған.

Тергеу деректеріне сәйкес, топ құрамында ветеринариялық мамандар да болған. Олардың көмегімен ұрланған мал дерекқорлар арқылы заңды ретінде рәсімделіп, кейін кедергісіз сатылған.

Құқық бұзушылықтар жасырын тергеу әрекеттері барысында анықталған. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Прокуратурада күдіктілердің тергеумен ынтымақтастық орнатып отырғаны атап өтілді. Тергеу жалғасып жатыр — қылмыстық схеманың барлық мән-жайы мен оған қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталуда.

Еще больше интересного

«Самұрық-Қазына» ісі: «Қазатомөнеркәсіп» басшылары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растады.Онымен бірге аты-жөні жарияланбаған бірнеше адам да қолға...

«Халыққа жақын»: Халық Кеңесі шалғай ауылдарды аралап, тұрғындардың мәселесін...

Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» республикалық жобасын іске қосты. Алғашқы сапар Қызылорда облысының Арал ауданынан басталды. Жобаның...

Экс-министр көпке ұзамай жаңа қызметіне кірісті.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711638565511400705?is_from_webapp=1&sender_device=pc&web_id=7589234703795848716 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды ,-...