Бұрынғы «LRT»басшысы ұсталды

«Астана LRT» Экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды. Ол Қазақстанға экстрадицияланады. Мұндай шешімді түрік соты қабылдады. ҰҚК хабарлағандай, ағымдағы жылы оның нақты тұрып жатқан жері анықталды, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары Антальяда Арданды қамауға алды.
Естеріңізге сала кетейік, Астана соты оны сырттай кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы бір қашқын шенеунік Қанат Сұлтанбеков Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Антикордың айтуынша, ол АҚШ-та жасырынған. Сот оны сырттай жеті жылға соттады. БАҚ-ның хабарлауынша, Сұлтанбековтың отбасы Нью-Йоркте тұрады. Әлеуметтік желілерде Сұлтанбеков жазғандай, бір кездері Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Премьер Кәрім Мәсімов Назарбаевты ақшасы кейін ұрланған Қытай банкінен қарыз тартуға көндірген. Ал ЛРТ жобасын Президентке немересі Нұрәлі Әлиев ұсынған. Қытай банкінің алғашқы траншы 257 миллион долларды құрады. Бұл ақшаның басым бөлігі бюджет заңнамасына қарсы, бір қоржынға – яғни «Астана Банкіне»депозит ретінде салынды. Дәлелденбеген мәліметтерге сәйкес, қаржы институтын Нұралидің анасы — Дариға Назарбаева бақылай алатындығымен түсіндіріледі. Банкке сеніп тапсырылған ақша із-түзсіз жоғалып кетті. Қытай банкінің алдындағы қарызды жабу үшін билік ақшаны бюджеттен, яғни салық төлеушілердің қалтасынан қайтарды. Ал ақша тапшылығына байланысты сыбайлас жемқорлық ескерткіші деп аталған ЛРТ желісі екі есеге қысқарып қалды.

Талғат Ардан. Видеодан кадр: http://youtube.com/@astanalrt7686

Тағы оқыңыз...

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...