«Дружба» тоқтайды: Қазақ мұнайы жаңа бағыт іздейді

1-і мамырдан бастап Қазақстан мұнайын «Дружба» мұнай құбыры арқылы тасымалдау тоқтауы мүмкін. Себебі техникалық мүмкіндік жоқ,- деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов тілшілерге берген сұқбатында.

Энергетика министрінің айтуынша, бұл жағдай Ресейдің мұнай инфрақұрылымына жасалған соққылармен байланысты болуы мүмкін.

2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан мұнайын «Дружба» арқылы экспорттау жоспарланбаған. Жалпы 2026 жылы бұл бағытпен 3 млн тонна мұнай жеткізу көзделген еді. Бұл Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына қажет мұнайдың шамамен 20–30 пайызын құрайды.

Енді мұнай басқа бағыттар арқылы тасымалданады. Атап айтқанда, Каспий құбыр консорциумы (КТК), Усть-Луга порты және Қытай бағыты пайдаланылады. Министрдің айтуынша, негізгі бағыт — КТК қалыпты жұмыс істеп тұр.

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...