«Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды»

Жеті елдің Президенті мен екі елдің үкімет басшылары Астанада үш күн қатарынан өтетін Өңірлік экологиялық самиттің шымылдырығын ашты. Бұл іс-шара – өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның дәйекті саясатының қисынды жалғасы. Еске сала кетейік, Өңірлік экологиялық саммит өткізу туралы ұсынысты қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында алға тартқан болатын. Саммит Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестікте өтуде. Қазақстан Президенті қоршаған оратны қорғау мақсатында елде қолға алынған шараларды тізе келе,Каспийді қорғау экологиялық мәселе кенін алға тартты. Тоқаев Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды,- деді.

– Сонымен қатар еліміз Каспий теңізінің тағдырына да алаңдайды. Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды. Осы орайда Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді, Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осынау асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырамыз. Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс.

Саммит барысында Әзербайжанның премьер-министрі Әли Асадов Қазақстанның бастамасымен БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Бұл тұрғыда ол осы өңірдегі ең өзекті мәселенің бірі Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне қатысты екенін атап өтті. Асадов Каспий теңізі маңындағы елдердің ынтымақтастығын нығайту қажет деді. Жұмыс тобы құрылып, теңіздің таяздануы себептерін анықтау және тиісті іс-шараларды әзірлеу қадамдары ескерілген. Айта кетейік, Дүниежүзілік банк Каспий теңізіне қатысты ірі экологиялық жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Ал Өзбек басшысы Шавкат Мирзиёев Орталық Азияда климаттың өзгеруі жаһандық орташа көрсеткіштен екі есе жылдам жүріп жатқанын мәлімдеді.

— Бүгінде экологиялық мәселелерді климаттың жаһандық өзгерістерінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Аймақта температураның көтерілу қарқыны екі есе жоғары. Өңірдегі мұздықтардың үштен біріне жуығы жойылған. Жауын-шашын режимі тұрақсызданып, су ресурстарының тапшылығы артып келеді. Қазіргі уақытта 80 миллион гектардан астам жер деградацияға ұшыраған. Климат өзгерісіне ең аз үлес қосқан елдер оның салдарымен жалғыз қалмауы тиіс. Дамушы елдер үшін климаттық қаржыландыруға, озық технологиялар мен инновацияларға қолжетімділік қамтамасыз етілуі қажет,-деді өзбек басшысы.

Өз кезегінде Грузия Президенті Михаил Кавелашвили экология мәселелері елдердің экономикасы мен қауіпсіздігіне ықпал етіп отырғанын айтты.

Айта кетейік, Грузияда қоғамдық тамақтану орындарында пластик бөтелкелерді пайдалануға тыйым салынған. Сондай-ақ ол су ресурстарын тиімді пайдалану мен ауылдық өңірлерді дамыту мәселелері талқыланды.

Түрікменстан Президенті су ресурстары бойынша өңірлік кеңес құруды ұсынды. Одан әрі Президенттер Өңірлік экологиялық саммиттің халықаралық көрмесіне барды. Қазақстан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және басқа да мәртебелі меймандарға Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның павильондары таныстырылды. Мұнда жасыл энергетика мен табиғи ресурстарды басқару салаларындағы ұлттық басымдықтарға ден қойылған. Экспозициялар орнықты экожүйені сақтауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық орнатуға, экологиялық мәселелерді шешудің тың тәсілдерін қарастыруға, Арал маңын қайта қалпына келтіруге үндейді.

Көрме әлемнің 30 елінен келген 240-тан астам қатысушы мен халықаралық серіктестердің басын қосты. 120-дан аса павильонда орнықты даму саласындағы озық бастамалар көпшілік назарына ұсынылды.

Еще больше интересного

ТОҚАЕВ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды. Мемлекет басшысы сайлау қарсаңындағы үндеуінде бұл...

«Алматыға қол созым жер қалды»: Меңдібай ағаАлматы облысына жетті

«Құрылтайға жол» бағытының басым бөлігі арттақалды. Таңсәріде Меңдібай аға мен оның жассеріктері Ақсүйек ауылынан сапарын жалғастырып, шамамен 130 шақырымды еңсеріп, Айдарлыға жетті. Команда Жамбыл облысының шекарасынан өтіп, Алматыға апарар жолдың мәрелік бөлігіне шықты. Көптен күткен шекара Шежіренің жаңа шығарылымы таңсәріден басталды. Ақсүйекті артта қалдырған команда Айдарлы ауылынабет алды. Бұл жол бөлігі қатысушылар үшін ерекше маңыздыболды. Шамамен 130 шақырымды жүріп өткен оларЖамбыл облысының аумағындағы сапарын аяқтап, Алматы облысына жетті. Енді ультрамарафонныңсоңғы нүктесіне дейін аз ғана жол қалды. Мәреге жақындау Меңдібай ағаның көңіл күйінайтарлықтай көтерді. Бойына жиналған шаршауғақарамастан, ол бар күш-жігерін жинап, бастаған ісінаяқтауға ниетті екенін растады. «Жолдың қиындығы да, қуанышты сәттері де қатаржүреді. Сол қуаныштың бірі – ақыры Алматы облысынажеткеніміз. Ал бұл жерден Алматыға қол созым ғанақалды. Жасыратыны жоқ, қатты шаршадық. Бірақбастаған ісімізді соңына дейін жеткізуге бекініпотырмыз», – деді марафоншы. Соңғы шақырымдар көп күшті талап етеді Меңдібай аға мен оның командасы АстанаданАлматыға дейінгі жолдың басым бөлігін арттақалдырды. Күнделікті ауыр жүктеме, аптап ыстық пен жүріп өткен жүздеген шақырым өз әсерін тигізбейқоймады. Алайда Алматының жақындығы марафоншыға жаңакүш берді. Бұл шығарылымда оның жігерленіп, жолдысоңына дейін жүріп өтуге нық бекінгені байқалады. Дене шаршағанымен, сапардың басында қабылдағаншешімі өзгерген жоқ. Видеороликтен кадр Әрбір жаңа шақырым команданы Алматыға ғана емес, «Құрылтайға жол» бастамасының мәресіне де жақындата түседі. Меңдібай аға бұл әрекеті арқылы ел үшін маңызды оқиғалар әр азаматтың жеке қатысуынталап ететінін қазақстандықтардың есіне салғысыкеледі. Шәкірттері тәлімгеріне тірек болды Бағыттың күрделі бөліктерінде жас серіктері Меңдібайағаны қолдауға тырысады. Тәлімгерінің кейде қиналыпкеле жатқанын көрген жігіттер жүктің бір бөлігін өзмойнына алады. Видеороликтен кадр Видеороликтен кадр Шәкірттерінің бірі алға шығып, жүріс қарқынынбелгілесе, екіншісі жанында қалып, жігерлендіріп, күшінүнемдеуге көмектеседі. Олардың қолдауыныңарқасында команда ең қиын сәттердің өзіндеқозғалысын жалғастырып келеді. Видеороликтен кадр Бұл жол ұрпақтардың бір-біріне қолдау көрсетуініңүлгісіне айналды. Меңдібай аға жас жігіттерментәжірибесін бөлісіп, оларға жеке үлгінің күшін көрсетіпкеледі. Ал шәкірттері өз кезегінде тәлімгеріне бастағанісін соңына дейін жеткізуге көмектесуде. Айдарлыдағы жылы жүздесу Айдарлыға дейінгі жолда команда жергіліктітұрғындармен жылы жүздесті. Жұрт Меңдібай ағанытанып, команданы қарсы алып, қатысушыларғаАлматыға аман-есен жетуді тіледі. Ауылға жақындаған кезде марафоншыны жергіліктібалалар қоршап алды. Тұрғындар қатысушыларғақарбыз ұсынып, естелікке бірге суретке түсті. Кейіноларға арнап дастарқан жайды. Видеороликтен кадр Видеороликтен кадр Айдарлыда команда тынығып, күш жинау үшінаялдады. Шаршаған жолаушылар үшін мұндай кездесудемалып алуға мүмкіндік қана емес, бүкіл жол бойыоларды түрлі адамдар қолдап келе жатқанының тағыбір дәлелі болды. Қазақстандықтар бағытты бақылап, қолдаубілдіруде Әлеуметтік желілерде де қолдау толастаған жоқ. Меңдібай ағаның жарияланымдарының астына оныңспорт саласындағы әріптестері мен еліміздің әрөңірінің тұрғындары пікір қалдырып жатыр. Қазақстандықтар марафоншыға зор денсаулық, соңғышақырымдарды еңсеруге күш-қуат жәнеультрамарафонды сәтті аяқтауын тілейді. Команда мақсатына жетуге шақ қалғанымен, жолдың әрбір жаңабөлігі барған сайын қиындай түскен қазіргі сәттемұндай қолдау сөздері айрықша маңызға ие. Марафоншының жеке парақшасынан алынған сурет(Instagram⁠) (https://www.instagram.com/p/DcQitgUoN26/) Осылайша бір адамның жеке бастамасы біртіндепкөптеген жанашыр жанның басын қосты. Бірікоманданы елді мекендерде қарсы алса, енді біріжолда көмектесіп, тағы бірі жылы лебізімен қолдаубілдіруде. Алматыға аз ғана жол қалды Айдарлыда тынығып алғаннан кейін Меңдібай аға мен оның шәкірттері сапарын қайта жалғастырады. Алдабағыттың соңғы бөлігі мен Алматыдағы көптен күткенмәре қалды. «Құрылтайға жол» бастамасы мәресіне жақындапкеледі. Алайда оның негізгі мәні жүріп өткенқашықтықпен ғана шектелмейді. Меңдібай аға бұлсапары арқылы елдің ортақ жолы әр адамның шешімімен іс-әрекетінен құралатынын еске салады. 23 тамызда қазақстандықтар жаңа Құрылтайдепутаттарының алғашқы сайлауына қатысады. Меңдібай аға Алматыға дейінгі соңғы шақырымдардыеңсеріп жатқанда, азаматтарға өз қадамын жасап, сайлау учаскелеріне барып, өз ұстанымын білдіруқалады. Жолдың басым бөлігі артта қалды. Команда Алматы облысына жетіп, мәреге жақындай түсті. Ал Меңдібайағаның мақсаты берік: жаңа Құрылтайға бастар жолсоңына дейін жүріп өтіледі.

Аида Балаева Ә. Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейіндегі...

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде жаңғыртылған «Арт-зертхана» музейлік көркемсурет студиясы таныстырылды. Мұнда жыл сайын...