ҚР СЖРА Регуляторлық интеллект Платформасын құрды: ЖИ негізіндегі жаңа жүйе бизнесті реттеу тәсілін өзгертеді

Астана, 2026 жылғы 23 сәуір — «Ортақ Атамекен: Өңірден басталған өрлеу» форумы аясында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова ҚР СЖРА әзірлеген Регуляторлық интеллект платформасын таныстырды.
Платформа Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында берілген тапсырманы орындау мақсатында әзірленіп, бизнестің жұмыс істеуі мен дамуын жеңілдететін түсінікті, ашық әрі заманауи реттеуші ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Оның негізінде бизнестің өмірлік циклі -тіркеуден бастап таратылуына дейінгі кезең тұрғысынан реттеуді талдайтын Regulatory AI жүйесі жұмыс істейді. Мұндай тәсіл нақты кедергілер мен артық реттеу тұстарын анықтауға мүмкіндік берді.
«Жүйені әзірлеуге кіріспес бұрын біз реттеуді мемлекеттің емес, бизнестің көзімен қарадық. Бұл талаптардың тәжірибеге сәйкес келмейтін тұстарын және кәсіпкерлер үшін артық рәсімдер мен шығындар тудыратын мәселелерді көруге мүмкіндік берді. Біздің міндетіміз — реттеу түсінікті, негізделген және іс жүзінде тиімді жұмыс істейтін жүйе құру», — деп атап өтті Айгүл Шаимова.
Жүйе бизнестің өмірлік циклін талдай отырып, артық, қайталанатын және ескірген талаптарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы негізде заңнаманы оңтайландыру және реттеуші жүктемені азайту бойынша ұсыныстар қалыптастырылады.
Жүйе үш негізгі модульден тұрады: бизнестің өмірлік жағдайларын талдау арқылы қолданыстағы реттеуді түгендеу, жаңа талаптарды енгізгенге дейін олардың қажеттілігі мен әсерін бағалау, сондай-ақ қолданыстағы нормалардың өзектілігін тұрақты түрде автоматты аудиттен өткізу.
Бұл тәсіл қазірдің өзінде тәжірибеде нақты нәтижелер беруде.
ҚР СЖРА бірқатар салаларға, соның ішінде экологиялық реттеу мен инвестициялық жобалар үшін жер учаскелерін беру процестеріне талдау жүргізді. Нәтижесінде цифрландыру есебінен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін едәуір қысқарту мүмкіндіктері анықталды.
Айта кету қажет, тек заңнамалық актілер ғана емес, сондай-ақ сот актілері мен бизнес субъектілерінің өтініштері де олардың дамуына кедергі келтіретін нормаларды анықтау мақсатында зерттелуде. Мұндай кешенді тәсіл заңнаманы бизнес қажеттіліктеріне сәйкес сапалы жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Осылайша, Регуляторлық интеллект платформасын құру мемлекеттік реттеудің жаңа моделіне көшуді білдіреді.
Бизнес үшін бұл әкімшілік кедергілердің азаюын, рәсімдердің жылдам әрі түсінікті болуын, сондай-ақ жұмыс жағдайларының болжамдылығын білдіреді. Ал экономика үшін инвестициялық тартымдылықтың артуы және іскерлік белсенділіктің ынталандырылуы.
Ұзақ мерзімді перспективада ҚР СЖРА шешімдер деректерге, талдауға және олардың бизнестің дамуына нақты әсеріне негізделетін заманауи реттеу жүйесінің негізін қалыптастырады.
Ортақ Атамекен: Өңірден бастлған өрлеу форумы басталды

Еще больше интересного

ТОҚАЕВ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды. Мемлекет басшысы сайлау қарсаңындағы үндеуінде бұл...

«Алматыға қол созым жер қалды»: Меңдібай ағаАлматы облысына жетті

«Құрылтайға жол» бағытының басым бөлігі арттақалды. Таңсәріде Меңдібай аға мен оның жассеріктері Ақсүйек ауылынан сапарын жалғастырып, шамамен 130 шақырымды еңсеріп, Айдарлыға жетті. Команда Жамбыл облысының шекарасынан өтіп, Алматыға апарар жолдың мәрелік бөлігіне шықты. Көптен күткен шекара Шежіренің жаңа шығарылымы таңсәріден басталды. Ақсүйекті артта қалдырған команда Айдарлы ауылынабет алды. Бұл жол бөлігі қатысушылар үшін ерекше маңыздыболды. Шамамен 130 шақырымды жүріп өткен оларЖамбыл облысының аумағындағы сапарын аяқтап, Алматы облысына жетті. Енді ультрамарафонныңсоңғы нүктесіне дейін аз ғана жол қалды. Мәреге жақындау Меңдібай ағаның көңіл күйінайтарлықтай көтерді. Бойына жиналған шаршауғақарамастан, ол бар күш-жігерін жинап, бастаған ісінаяқтауға ниетті екенін растады. «Жолдың қиындығы да, қуанышты сәттері де қатаржүреді. Сол қуаныштың бірі – ақыры Алматы облысынажеткеніміз. Ал бұл жерден Алматыға қол созым ғанақалды. Жасыратыны жоқ, қатты шаршадық. Бірақбастаған ісімізді соңына дейін жеткізуге бекініпотырмыз», – деді марафоншы. Соңғы шақырымдар көп күшті талап етеді Меңдібай аға мен оның командасы АстанаданАлматыға дейінгі жолдың басым бөлігін арттақалдырды. Күнделікті ауыр жүктеме, аптап ыстық пен жүріп өткен жүздеген шақырым өз әсерін тигізбейқоймады. Алайда Алматының жақындығы марафоншыға жаңакүш берді. Бұл шығарылымда оның жігерленіп, жолдысоңына дейін жүріп өтуге нық бекінгені байқалады. Дене шаршағанымен, сапардың басында қабылдағаншешімі өзгерген жоқ. Видеороликтен кадр Әрбір жаңа шақырым команданы Алматыға ғана емес, «Құрылтайға жол» бастамасының мәресіне де жақындата түседі. Меңдібай аға бұл әрекеті арқылы ел үшін маңызды оқиғалар әр азаматтың жеке қатысуынталап ететінін қазақстандықтардың есіне салғысыкеледі. Шәкірттері тәлімгеріне тірек болды Бағыттың күрделі бөліктерінде жас серіктері Меңдібайағаны қолдауға тырысады. Тәлімгерінің кейде қиналыпкеле жатқанын көрген жігіттер жүктің бір бөлігін өзмойнына алады. Видеороликтен кадр Видеороликтен кадр Шәкірттерінің бірі алға шығып, жүріс қарқынынбелгілесе, екіншісі жанында қалып, жігерлендіріп, күшінүнемдеуге көмектеседі. Олардың қолдауыныңарқасында команда ең қиын сәттердің өзіндеқозғалысын жалғастырып келеді. Видеороликтен кадр Бұл жол ұрпақтардың бір-біріне қолдау көрсетуініңүлгісіне айналды. Меңдібай аға жас жігіттерментәжірибесін бөлісіп, оларға жеке үлгінің күшін көрсетіпкеледі. Ал шәкірттері өз кезегінде тәлімгеріне бастағанісін соңына дейін жеткізуге көмектесуде. Айдарлыдағы жылы жүздесу Айдарлыға дейінгі жолда команда жергіліктітұрғындармен жылы жүздесті. Жұрт Меңдібай ағанытанып, команданы қарсы алып, қатысушыларғаАлматыға аман-есен жетуді тіледі. Ауылға жақындаған кезде марафоншыны жергіліктібалалар қоршап алды. Тұрғындар қатысушыларғақарбыз ұсынып, естелікке бірге суретке түсті. Кейіноларға арнап дастарқан жайды. Видеороликтен кадр Видеороликтен кадр Айдарлыда команда тынығып, күш жинау үшінаялдады. Шаршаған жолаушылар үшін мұндай кездесудемалып алуға мүмкіндік қана емес, бүкіл жол бойыоларды түрлі адамдар қолдап келе жатқанының тағыбір дәлелі болды. Қазақстандықтар бағытты бақылап, қолдаубілдіруде Әлеуметтік желілерде де қолдау толастаған жоқ. Меңдібай ағаның жарияланымдарының астына оныңспорт саласындағы әріптестері мен еліміздің әрөңірінің тұрғындары пікір қалдырып жатыр. Қазақстандықтар марафоншыға зор денсаулық, соңғышақырымдарды еңсеруге күш-қуат жәнеультрамарафонды сәтті аяқтауын тілейді. Команда мақсатына жетуге шақ қалғанымен, жолдың әрбір жаңабөлігі барған сайын қиындай түскен қазіргі сәттемұндай қолдау сөздері айрықша маңызға ие. Марафоншының жеке парақшасынан алынған сурет(Instagram⁠) (https://www.instagram.com/p/DcQitgUoN26/) Осылайша бір адамның жеке бастамасы біртіндепкөптеген жанашыр жанның басын қосты. Бірікоманданы елді мекендерде қарсы алса, енді біріжолда көмектесіп, тағы бірі жылы лебізімен қолдаубілдіруде. Алматыға аз ғана жол қалды Айдарлыда тынығып алғаннан кейін Меңдібай аға мен оның шәкірттері сапарын қайта жалғастырады. Алдабағыттың соңғы бөлігі мен Алматыдағы көптен күткенмәре қалды. «Құрылтайға жол» бастамасы мәресіне жақындапкеледі. Алайда оның негізгі мәні жүріп өткенқашықтықпен ғана шектелмейді. Меңдібай аға бұлсапары арқылы елдің ортақ жолы әр адамның шешімімен іс-әрекетінен құралатынын еске салады. 23 тамызда қазақстандықтар жаңа Құрылтайдепутаттарының алғашқы сайлауына қатысады. Меңдібай аға Алматыға дейінгі соңғы шақырымдардыеңсеріп жатқанда, азаматтарға өз қадамын жасап, сайлау учаскелеріне барып, өз ұстанымын білдіруқалады. Жолдың басым бөлігі артта қалды. Команда Алматы облысына жетіп, мәреге жақындай түсті. Ал Меңдібайағаның мақсаты берік: жаңа Құрылтайға бастар жолсоңына дейін жүріп өтіледі.

Аида Балаева Ә. Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейіндегі...

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде жаңғыртылған «Арт-зертхана» музейлік көркемсурет студиясы таныстырылды. Мұнда жыл сайын...