Алматыда мәдени қос мереке: Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні атап өтілді

Алматыда мәдени қос мереке: Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні атап өтілді

Бүгін Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Alatau Creative Hub орталығында мәдениеттің жаршысына айналған айтулы қос мереке – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты салтанатты іс-шара өтті.

Сала мамандары мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан бұл жиын кітапхана ісінің қоғамдағы маңызы мен мәртебесін айқындай түсті.

Алқалы жиынға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшылығы, мәдениет және өнер қайраткерлері, кітапхана ісінің ардагерлері, сондай-ақ, еліміздің әр өңірінен келген кітапхана басшылары мен мамандары қатысты. Сонымен қатар, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының қоғамдық дипломатия бөлімінің маманы Корина МакГрегор құттықтау лебізін жеткізді.

«Бүгін әдебиет пен мәдениеттің қос қазынасы тоғысқан ерекше күн. Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні құтты болсын! Кітап – қоғамның рухани әрі зияткерлік дамуының негізі, ал кітапханашы – білім мен мәдениетке жол көрсететін тұлға. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіз әрдайым жоғары құрметке лайық. Кітап оқуға деген қызығушылық ешқашан бәсеңдемесін, ал қызметтеріңіз жаңа жетістіктермен толыға берсін. Мереке құтты болсын!», — деді жиналған қауымды қос мерекемен құттықтаған Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев.

Алматыда мәдени қос мереке: Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні атап өтілді

Іс-шара барысында марапаттау рәсімі өтіп, кәсіби жетістіктері үшін Алматы қаласы әкімінің және Мәдениет басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар табысталды. Бұл марапаттар кітапхана ісінің дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер мен үздік мамандарға берілді.

Алматыда мәдени қос мереке: Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні атап өтілді

«Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен және кітапханашылардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Кітап пен кітапханаға деген құрмет күн санап артып келеді. Сіздердің ұлттық сана мен рухани құндылықтарды нығайту жолындағы жүйелі еңбектеріңіз ерекше бағалауға лайық. Маңызды әрі жауапты қызметтеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін», — деп жиналған қауымды мерекемен құттықтаған жазушы Бауыржан Жақып.

Іс-шара әдебиет пен мәдениетті ұлықтап, кітаптың ұлттық құндылық ретіндегі маңызын тағы бір мәрте айқындады. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы кітапхана институтының жоғары мәртебесін айшықтап берді.

Еще больше интересного

Қазақстан Темір жолы қарызға батып жатыр

Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясының қарызы 4,7 трлн теңгеге жетті. Бұл жайында «ҚТЖ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары...

ҚР СЖРА Регуляторлық интеллект Платформасын құрды: ЖИ негізіндегі жаңа...

Астана, 2026 жылғы 23 сәуір — «Ортақ Атамекен: Өңірден басталған өрлеу» форумы аясында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау...

«Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды»

Жеті елдің Президенті мен екі елдің үкімет басшылары Астанада үш күн қатарынан өтетін Өңірлік экологиялық самиттің шымылдырығын...