Қазақстан Темір жолы қарызға батып жатыр

Қазақстан Темір жолы қарызға батып жатыр

Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясының қарызы 4,7 трлн теңгеге жетті. Бұл жайында «ҚТЖ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев сенатта өткен парламенттік тыңдалымда айтты.

Қазақстан Темір жолы қарызға батып жатыр

-ҚТЖ компаниясының қарызының өсу себебі – жылжымалы құрамды жаңарту әне инфрақұрылымды дамытуға тартылған қарыз қаражаттары. 1сәуірдегі жағдай бойынша компанияның жалпы қарыз көлемі 4,7 трлн теңгені құрайды. Оның 3,3 млн теңгесі жылжымалы құрамға, 1,1 трлны инфрақұрылымға, 1,3 трл теңгесі ілеспе жобаларға бағытталға, деді ол.

Ал локомотивтер АҚШ пен Францияның экспорттық кредиттік агенттіктерінің қолдауымен жеңілдетілген шарттар арқылы сатып алынуда. Сонымен қатар, жүк және жолаушылар вагондарының паркі жаңартылып жатыр. 2026–2027 жылдары «Дарбаза – Мақтаарал», «Қызылжар – Мойынты», «Бақты – Аягөз» бағыттарны ақятау көзделген. Сонымен қатар жолаушылар және жүк паркін жаңарту, ІТ ақпараттық жүйелерді енгізу, 124 вокзалды жаңғырту, өткізу қабілетін арттыру үшін 5 теміржол учаскесін дамыту, автобұғаттау жүйесін енгізу, Алтынкөл және Жетіген станцияларын модернизациялау жоспарланып отыр. Осы шығындар компания қарызының артуына себеп болуда.

Ал депутат Шәкәрім Бұқтұғұтовтың пікірінше, ұлттық компанияның қарыз мәселесін соза бермеу керек. Бұл елдің транзиттік әлеуетін дамытуға да айтарлықтай теріс әсер етеді. ҚТЖ-ның қаржылық жағдайына әсер етіп отырған негізгі себептердің бірі – тарифтердің төмендігі. Жоғары аудиторлық палатаның дерегінше, елдегі жүк айналымының шамамен 70%-ы өзіндік құнынан төмен тарифпен тасымалданады. «ҚТЖ-да ЕАЭО мен ТМД елдері арасында теміржол тарифтері ең төмен деңгейде. Олар тасымал шығындарын жаппайды және шығынды болып отыр. Ал экспорттық жүк тасымалы көрші елдерде Қазақстанмен салыстырғанда 2–4 есе қымбат,дейді сенатор.

Алайда, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үшін ҚТЖ қарызы әкетіп бара жатқан проблема емес сияқты. Министр қазір ҚТЖ жағдайы жақсы . Қаржылық параметрлер негізінен жасыл аймаққа шықты. Қарызы үлкен, бірақ кірісі де көбейіп жатыр. Кіріс 1,3 трлннан 2,5 трлнға көбейді, деді сенатта өткен брифингте. Дегенмен, депуаттар тариф саясатын шұғыл реформалауды ұсынады. Қазақстандағы магистральдық теміржол желісінің тозу деңгейі 57%-ға жеткен. Теміржолдардың тек үштен бірінде ғана қос жол бар, станциялар мен айналма жолдардың шамамен 60%-ы ұзын құрамды пойыздарға бейімделмеген, ал желінің үштен екісінен астамы электрлендірілмеген.

Еще больше интересного

Алматыда мәдени қос мереке: Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар...

Бүгін Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Alatau Creative Hub орталығында мәдениеттің жаршысына айналған айтулы қос мереке –...

ҚР СЖРА Регуляторлық интеллект Платформасын құрды: ЖИ негізіндегі жаңа...

Астана, 2026 жылғы 23 сәуір — «Ортақ Атамекен: Өңірден басталған өрлеу» форумы аясында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау...

«Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды»

Жеті елдің Президенті мен екі елдің үкімет басшылары Астанада үш күн қатарынан өтетін Өңірлік экологиялық самиттің шымылдырығын...