Экс-сенатор Қожамжаров қайда?


Экс-сенатор Қожамжаров қайда?

Бұрынғы прокурор, экс-сенатор Қайрат Қожамаровқа қатысты қозғалған істе алға жылжушылық бар ма? Бұл сұрақты мәжіліс дәлізінде Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевке қойған едік. Прокурор «Қожамжаровқа қатысты іс қозғалды, қазір тергелу сатысында. Осы іс-шаралар аяқталғаннан кейін, қандай шешім қабылданатыны белгілі болады. Оған қатысты статусы белгіленген жоқ», — деген жауап қатты. Ал Қайрат Қожамжаровтың Ресейді паналап жүргені рас па?-деген сұраққа Ғалымжан Қойгелдиев тіс жармады.
Еске салсақ, 2025 жылы қыркүйек айының басында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы, бұрынғы бас прокурор, экс-сенатор Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны жарияланды. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінді.

Еще больше интересного

Матарам, 26 ақпан 2026 жыл

Ломбок-Утара полиция бөлімшесі (Polres Lombok Utara) екі адамды өлтіру ісі бойынша Интерполдың Red Notice тізіміне енгізілген, Қазақстан...

Ішімдіктен бас тартқан ауылдарында мас күйде жүргендер тіркелген

Қостанай облысында алкогольден ресми түрде бас тартқан бірқатар елді мекендерде 2025 жылы мас күйге байланысты оқиғалар бәрібір...

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы мөлшері белгілі болды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша ай сайынғы төлемдер көлемін жариялады. Tengrinews.kz сауалына...