Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Ақұштап Бақтыгереева әлеуметтік желіде Орал қаласында өтетін кездесуге байланысты пікір білдіріп, қоғамда қызу талқы тудырды.
Ақынның жазуынша, Мұхамбетжан Тазабек Оралдағы Қадыр Мырза Әлі орталығы базасында оқырмандармен кездесу өткізбек. Осыған байланысты ол мәдени орталықтың мұндай шараға сахна ұсынуына күмән келтіріп, бірқатар өткір сауалдар қойған.
«Президент кітап оқитын ұлт қалыптастыру туралы бастама көтеріп жатқан тұста, Қадыр ақынның мұрасын насихаттайтын орталықтың бағыты қандай болуы керек?» деген сауал тастаған Ақұштап Бақтыгереева қоғамдағы діни ағымдардың ықпалы, рухани саясат және айтыс өнерінің қазіргі жағдайы жөнінде де пікір айтты.
Сонымен қатар ол Батыс Қазақстан өңірінде түрлі діни көзқарастардың белсенді таралуына алаңдайтынын жеткізіп, бұл кездесудің мақсатына қатысты түсінбейтінін жасырмады.
Желі қолданушылары да жазба астында түрлі пікір қалдырған. Олардың бір бөлігі кездесудің мазмұны мен мақсатына күмән келтірсе, енді бірі өңірлік ішкі саясатқа жауапты тұлғалардан түсініктеме талап еткен.
Пікірлер арасында:«Бұл қандай кездесу, нақты не айтылмақ?», «Ақын апамыз дөп басып айтты», «Діни идеологияның ықпалы күшейіп бара жатқан жоқ па?», «Мұндай шараларға кімдер қолдау көрсетіп отыр?» деген сауалдар мен сын-пікірлер жазылған.
Қазіргі уақытта аталған кездесуге байланысты ресми органдар немесе ұйымдастырушылар тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ.
Еще больше интересного
Шымкент қаласының полиция департаменті Қайрат Нұртастың концертінде орын алған...
«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көптеп жиналуынан концертке келген...

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек
Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...


