«Ulttyq Ónim» көрмесінде отандық брендтер бас қосты

Елордадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында дәстүрлі IX «Ulttyq Ónim» көрмесі өз жұмысын бастады. Биылғы көрме ауқымды болып отыр. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 600-ден астам отандық кәсіпорын қатысуда. Көрмеде азық-түлік, машина жасау, жеңіл және химия өнеркәсібі, құрылыс, жиһаз өндірісі, IT, туризм және креативті индустрия салаларындағы өнімдер мен қызметтер ұсынылған.

Айтулы көрменің ашылуына вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қатысып, мемлекет шағын және орта бизнесті қолдауды жалғастыратынын атап өтті. Ал «Даму» қорының мәліметінше, 2025 жылы бизнесті қолдауға 560 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Отандық Goji компаниясы ешбір қоспасыз, 100 % табиғи таза шырын шығарады. 15 адамға жұмыс беріп отырған шағын компанияның өнімділік қуаты күніне 16 мың бөтелке шырын шығаруға мүмкіндік береді. Өнімін экспортқа бағыттап отыр. «Қазір Малайзиямен келіссөз жүргізіп жатырмыз, шырынымыз барлық талаптарына сай,- дейді компания басшысы Гүлзира Алғазина.

Ал ағаш ыдыстарының шеберханасын ашып, 17 адамға жұмыс беріп отырған Нұрсұлу Ахметова бұл бизнесті пандемия кезінде бастаған. Оралдық кәсіпкер өнімін бук және және жөке ағаштарынан жасайды. «Dastur» шеберханасы ыдыс-аяқ, тойбастарға қажетті бұйымдарды дайындайды. Ұмыт бола бастаған қазақтың ыдыс-аяғын жаңғыртып жатырмыз,- дейді компанияның негізін қалаушы.

Көрме аясында отандық өндірушілерді, инвесторларды, мемлекеттік және қаржы институттарын, сондай-ақ халықаралық сарапшыларды біріктіретін мазмұнды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылған.
Панельдік сессиялар, B2B кездесулер, тегін шеберлік сабақтары мен концерттік бағдарламалар өтіп жатыр. «Ulttyq Ónim» көрмесі 24 мамырға дейін жалғасады.

Еще больше интересного

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді

https://youtube.com/shorts/hbXaMPAiLIc?feature=share – Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз....

Нұрлан Оразалин Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ақын, драматург, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин Алмагүл ауданында орналасқан №301 дауыс беру учаскесінде, «№125 жалпы білім беретін...

Шаққалиев: Тұрақты болашақ үшін дауысымды бердім

https://youtube.com/shorts/7pExMQFz9mM?feature=share ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Астана қаласындағы №162 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай сайлауында өз таңдауын...