Қазақстан–Франция: білім менатом саласындағыынтымақтастық

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан–Франция ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ ұлттық атом саласы үшін кадрлар даярлау мәселелерін талқылады.
2026 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің EDF компаниясының Басқарма төрағасы әрі бас атқарушы директоры Бернар Фонтана мырзамен өткен кездесуінің маңыздылығы атап өтілді. Бұл диалог Қазақстан мен Францияның атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендігінің маңызды белгісі болғаны айтылды.
Қазақстанның атом электр станциясын салу жобасын іске асыру барысында EDF және басқа да француз компанияларын маңызды әлеуетті серіктестер ретінде қарастыратыны атап өтілді.
Тараптар атом саласы үшін білікті кадрлар даярлау мәселесіне ерекше назар аударды. Осыған байланысты 25–29 мамыр аралығында Ядролық физика институтының базасында Францияның Лауэ–Ланжевен институтымен бірлесіп өткізілген воркшоптың нәтижелері жоғары бағаланды. Іс-шара зерттеу реакторлары мен заманауи нейтрондық технологияларға арналды.
Воркшоптың негізгі нәтижелерінің бірі ретінде Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен International Institute of Nuclear Energy (I2EN) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаны аталып өтті.
Құжат мамандар даярлау, білім беру бағдарламаларын дамыту, тәжірибе алмасу және Қазақстанның атом саласын тұрақты кадрлық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру бағыттарындағы ынтымақтастықты көздейді.
Тараптар қол жеткізілген келісімдерді іске асыру Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның атом энергетикасы үшін жаңа буын мамандарын даярлауға ықпал ететінін атап өтті.

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...