ҚТЖ транзит жоспарын толық орындамаған

ҚТЖ-ң басшысы Талғат Алдыбергенов премьер-министрден сөз естіді. ҚТЖ өзіне жүктелген міндеттің бірі- транзит жоспарын 30 пайызға орындамаған. Қазақстанның Еуразиядағы басты көлік-логистикалық хабқа айналу жоспары әзірге қағаз жүзіндегі мақсат болып қалып отыр. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының транзиттік тасымал көлемі бойынша жоспардан айтарлықтай қалып қойғанын ашық айтты. Биыл ҚТЖ алдында транзиттік тасымалды 55 миллион тоннаға жеткізу міндеті тұр. Алайда ұлттық компания жоспардан 30 пайызға артта қалып отыр. «Қазақстан темір жолы» 23 млн тоннаның орнына небары 16 млн тонна тасымалдаған. Сондықтан бұл мақсатты орындау сіздің жеке жауапкершілігіңізде»,-деді Олжас Бектенов.

ҚТЖ басшысы журналистермен өткен брифингте жыл сңына дейін уақыт бар, компанияның қолданыстағы инфрақұрылымы мен жүргізілген жаңғырту жұмыстары 55 миллион тонна транзиттік жүкті өткізіп үлгереміз деп отыр.

— ҚТЖ 55 млн тонна тарзитті өткізуге дайын. Өзінің инфрақұрылымы мен жүргізілген жаңғырту жұмыстарына сай өткізе алады. Біз 55 млн тонна транзитті өткізу тапсырмасын орындаймыз. Біз дайынбыз. Әлі жыл біткен жоқ ғой. Болды. Біз тасымалдаушымыз. Бізге тапсырғанның бәрін жеткіземіз. Үкіметтің сынын қабылдаймын.

Қазіргі таңда елде жаңа теміржол желілерін салу, локомотивтер мен вагондар паркін жаңарту, вокзалдарды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биыл Президент тапсырмасымен «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты – Қызылжар» теміржол желілерін іске қосу жоспарланған. Үкімет бұл жобалар қараша айында пайдалануға берілуі тиіс екенін қадап айтты. Үкіметтің болжамынша, ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан арқылы теміржолмен тасымалданатын транзит көлемі 2040 жылға қарай 100 миллион тоннаға жетуі тиіс. Бірақ оған дейін ҚТЖ алдымен биылғы 55 миллион тонналық межені орындап шығуы керек.

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...