
АЭС құрылысына байланысты білікті кадрларға деген сұраныс едәуір артады. Тек құрылыс кезеңінің өзінде 10 мыңға дейін адамды тарту жоспарлануда, оның ішінде 3 мыңнан астамы техникалық мамандықтар бойынша жұмысшылар.
Пайдалану кезеңінде бір АЭС шамамен 2 мың адамды жұмыспен қамтиды, олардың ішінде:
шамамен 600 – жоғары профильдік білімі бар мамандар;
шамамен 550 – орта буын мамандары;
шамамен 850 – білікті жұмысшы кадрлар.
Осыған байланысты техникалық және кәсіптік, сондай-ақ ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Турбиналық жабдық машинисі-обходшысы, электрмонтер, АЭС жабдықтарын монтаждаушы, сондай-ақ АЭС-тің жұмыс қабілеттілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын техниктер сияқты мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларды даярлауға ерекше назар аударылуда.
Сонымен қатар атом энергетикасы саласында қолданбалы бакалавриат бағдарламалары әзірленуде. Бұл бағдарламалар жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіне енгізіліп, негізгі мамандарды даярлауды көздейді. Мысалы, ядролық қондырғыны қауіпсіз пайдалануға жауап беретін реакторлық жабдық операторларын даярлау бойынша жаңа мамандықтарды ашу қажет.
Халықаралық зерттеулерге сәйкес, атом энергетикасындағы бір жұмыс орны экономиканың сабақтас салаларында он жұмыс орнына дейін құруға мүмкіндік береді, бұл саланың мультипликативтік әсерін айқын көрсетеді.


