2050 жылға қарай Қазақстанда кемінде үш АЭС салу жоспарлануда

Жалпы алғанда, атом саласын дамыту стратегиясын іске асыру 2050 жылға қарай Қазақстан Республикасында кемінде үш атом электр станциясының жұмыс істеуін көздейді,-деп хабарлайды Атом энергиясы жөніндегі агенттік.

Электр энергиясын тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, төртінші станцияны салу жобасын іске асыру қарастырылған. Бұл экономика мен халықтың сенімді әрі экологиялық таза энергияға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ елдің қолайлы өңірлерінде шағын модульдік реакторлар (ШМР) базасында АЭС салу нұсқалары технологиялық және экономикалық орындылығын ескере отырып қарастырылады. Сонымен қатар пайдаланудан шығарылатын көмір электр станцияларын тиісті атомдық қуаттармен алмастыру мүмкіндігі де назарға алынады.

Осының барлығы экономиканың энергетикалық секторын әртараптандыруға және елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Еще больше интересного

Блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды

Енді өзбекстандық блогерге іздеу жарияланды. Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматов...

Абай күні

10 тамыз Ұлы Абайдың туған күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.Президент құттықтауында...

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және...

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп»...