Қазақстанда алғаш рет уран өндіруден түсетін 1% қаражат есебінен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық тапсырмалар қаралды

Атом энергиясы жөніндегі Агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру Қағидаларына сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша, 2026 жылға және 2027-2029 жылдарға арналған жоспарлы кезеңге жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіру кезеңінде шеккен өндіру шығындарының 1 пайызы есебінен қалыптастырылған ғылыми-техникалық тапсырмалар қаралды.
Бұл отырыстың айрықша маңыздылығы жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіруге жұмсалған шығындарының 1 пайызы мөлшерінде міндетті аударымдар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми-техникалық тапсырмалардың тізбесі алғаш рет қаралғандығымен байланысты. Бұл Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп құрылған қолданбалы ғылымды қаржыландырудың орталықтандырылған, ашық және нәтижеге бағдарланған тетігін қалыптастыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын практикалық іске асыру болып табылады.
Жаңа тәсіл ғылыми-техникалық тапсырмаларды қалыптастыру мен қараудың, құралдарды мақсатты пайдаланудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді атом саласының өзекті өндірістік және технологиялық міндеттерімен тығыз байланыстыруға бағытталған.
Мұндай тетік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, ғылыми әзірлемелердің фрагменттілігін төмендетуге және басым бағыттар бойынша ғылыми-техникалық қызметті үйлестіруді күшейтуге мүмкіндік береді.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға басымдық беру бойынша ұсынымдар әзірленді. Ұсынылған материалдар бірлесіп құрылған қаржыландыру тетігі шеңберінде белгіленген тәртіппен одан әрі пысықтау және қарау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жіберілетін болады.
Ғылыми-техникалық тапсырмаларды қарау саланың нақты қажеттіліктеріне, отандық құзыреттерді дамытуға, нақты ғылыми-технологиялық нәтижелерге қол жеткізуге және ғылымды өндірістік сектормен тікелей байланыстыруға бағытталған қолданбалы зерттеулерді қолдаудың тұрақты жүйесін қалыптастырудағы маңызды кезең болды.

Еще больше интересного

Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанға жала жапқан емші 1,5...

Ақтөбе соты емші Бағдагүл Лепесованы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Жала жабу» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сотта Лепесова...

Қазақстандықтар Меккеге сапарға шыға алмай, шамамен 60 млн теңгесінен...

Астанада сот азаматтарға Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастырып береміз деп уәде етіп, ақшаларын алғаннан кейін міндеттемелерін...

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...