Мұхтар Шаханов Арыстанбабта жерленеді

Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов соңғы аманатына сай Арыстанбаб кесенесі маңында жерленетін болды.

Бұл туралы ақынның жиен немересі Қайырхан Балғабеков хабарлады. Бұған дейін Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленеді деген ақпарат тараған еді, алайда туыстарының өтініші мен ақынның көзі тірісінде айтқан тілегі ескерілді.

Ақынның жары Ханшайым Шаханова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, оның Отырар өңірінде жерленуді қалағанын жеткізген.

📍 Қоштасу рәсімі:
— 21 сәуір, 09:00
— Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры

Ресми рәсімнен кейін ақынның денесі Түркістан облысына жеткізіліп, Отырар топырағында жер қойнына тапсырылады.
фото: kursiv.media

Еще больше интересного

Шымкент қаласының полиция департаменті Қайрат Нұртастың концертінде орын алған...

«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көптеп жиналуынан концертке келген...

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...