«Қазақстанға кемінде 3-4 АЭС керек»

Қазақстанда екінші атом электр станциясы Балқаш маңында салынуы мүмкін. Бұл туралы Алмасадам Сәтқалиев Ақорда кулуарында мәлімдеді. Оның айтуынша, екінші атом электр станциясының алдын ала атауы да анықталған. Жоба жұмыс атауы ретінде «Мойынқұм» АЭС-і деп аталады. Агенттік төрағасының мәліметінше, станция Балқаш маңында орналасады. Қазіргі уақытта үш перспективалы алаң зерттеліп жатыр. Талқылау қорытындысы бойынша нақты орналасатын жері кейін хабарланады.

Сәтқалиевтің айтуынша, жаңа стансада қуаты 1200 МВт болатын екі блок салу жоспарланып отыр. Бұл еліміздің энергия тапшылығын азайтып, электр жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, жобаға халықаралық серіктестер тарту мәселесі де қарастырылуда. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұған дейін қытайлық China National Nuclear Corporation компаниясы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастырылған.
Негізінде Қазақстанда энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін болашақта кемінде 3–4 атом электр станциясын салу қажет,- деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ал АЭС құрылысы үшін Балқаш маңы, Курчатов, Батыс Қазақстан және Қостанай өңірлері қарастырлып отыр. Сарапшылардың пікірінше, жаңа атом электр станциялары Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттырып, өнеркәсіп пен экономиканың тұрақты дамуына жол ашады.

Еще больше интересного

Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанға жала жапқан емші 1,5...

Ақтөбе соты емші Бағдагүл Лепесованы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Жала жабу» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сотта Лепесова...

Қазақстандықтар Меккеге сапарға шыға алмай, шамамен 60 млн теңгесінен...

Астанада сот азаматтарға Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастырып береміз деп уәде етіп, ақшаларын алғаннан кейін міндеттемелерін...

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...