«Құр сөз болып қалмасын»

Фото: ҚР Үкіметі

Қазақстанның әуе кеңістігінде реформа жүріп жатыр. Соңғы бес жылда транзиттік әуе рейстері 4 есе артқан. Енді үкімет алдағы бес жылда аэронавигация инфрақұрылымын толық жаңартпақ. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкімет отырысында 2025 жылы америкалық LEIDOS компаниясымен әуе қозғалысын басқару жүйесін жаңғырту жөнінде келісім жасалғанын. Бұл қазақстандық әуе дәліздерінің тиімділігін күшейтетінін айтты. Ішкі рейстерді дамыту да күн тәртібінде тұр. 2026 жылы 24 әлеуметтік маңызы бар бағытқа 6,4 млрд теңге бөлінеді. Министрлік облысаралық рейстерді әкімдіктер есебінен субсидиялауға және тұрақты рейстерді ҚҚС-тан босатуға ұсыныс жасап отыр. Өз кезегінде Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстаннан тікелей ұшатын халықаралық рейстерді көбейтуді тапсырды.
-Нью-Йорк, Токио бағытында жаңа тікелей рейс ашамыз деп көптен бері әңгіме қозғап жатырмыз. Әлі де нәтиже жоқ. Қандай шаралар қабылдап жатырсыздар?,-деп сұрады премьер-министр.

Сауранбаевтың айтуынша, Токио бойынша осы жылдың 4 тоқсанында, ал АҚШ-қа келесі жылдың 2 тоқсанында рейстер ашылады.Сондай-ақ, басқа бағыттар бойынша 34 халықаралық бағыт Астанадан ұшуда. Жылдың аяғына дейін 5 бағыт ашылмақ.
Бектенов өз кезегінде бұл жоспар «Құр сөз болып қалмасын тағы»-деп ескертті.
Афиация саласындағы жаңалықтың бірі- Қазақстандық авиакомпаниялардың паркіне тағы 6 ұшақ қосылады. Сондай-ақ, Қатон-Қарағай, Зайсан және Кендірліде аэропорт салынып жатыр. Дегенмен көлік министрі кадр тапшылығы барын айтады. Елдегі авиация саласында 23 мың адам еңбек етеді. Жыл сайын салаға шамамен 500 маман қажет болады. Әсіресе пилоттарды даярлауда халықаралық сертификат алу мәселесі маңызды болып отыр.
— Қазір «Эйр Астанадағы» пилоттардың 40 пайызы немесе шамамен 300 адам — шетелдік мамандар. Егер елде жеткілікті деңгейде даярласақ, өз мамандарымызды алар едік,-деді министр.
Осыған байланысты келесі жылдан бастап Қазақстанда халықаралық сертификат беретін жаңа оқу орталығы ашылады. Айта кетейік, 2025 жылы қазақстандық әуе компаниялары 15 млн жолаушы тасымалдаған. Ал биылғы төрт айдың өзінде бұл көрсеткіш 4 млн-нан асып отыр.

Еще больше интересного

Алматыда қала студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды

Алматыда қаланың барлық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды. Жаңа кеңістік бір ай бойы М....

Қазақстанда үй жануарларына қойылатын ең танымал аттар белгілі болды

Қазақстанда үй жануарларын тіркеуге арналған TAÑBA бірыңғай ақпараттық жүйесінде 400 мыңға жуық ит пен мысық және басқа...

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының үндеуі

Құрметті қазақстандықтар! «Тыныштық күні» және дауыс беру күні ақпараттық кеңістікте түрлі жалған ақпарат, манипуляциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдар...