
Атырау облысында резонанс тудырған отбасы қазасына қатысты іс бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды. Күдіктілер шетелде ұсталды. Мәжілісінде журналистердің сұрағына жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке екі адамның ілінгенін растады.Күдіктілер Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында қолға түскен.
Қазір оларды Қазақстанға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр. Осы іс бойынша тергеу амалдары мен тиісті сарапталар жалғасуда ,-дейді вице-министр.
Әділовтің айтуынша, халықаралық іздеу жарияланғаннан кейін Интерпол мен қазақстандық полицейлер бірлескен арнайы топ құрып, іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде негізгі күдіктімен бірге оның бұрынғы жұбайы да анықталып, күдікті ретінде қарастырылып отыр. Яғни марқұмдардың күйеу баласымен бірге кенже қызы да күдікті деп танылып отыр. Қазір оларды елге депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр. Ал үлкен қызы мен ортаншы ұлы әлі іздестірлуде. Еске сала кетейік, Атырау облысының Жангелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңында белгісіз жағдайда жоғалып кеткен болатын.6 қаңтар күні жоғалған отбасының екі мүшесі — отағасы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиева — сарай ішінен өлі күйінде табылды. Кейін олардың денелерінде пышақ жарақаттары болғаны анықталды. 9 қаңтарда құқық қорғау органдары марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев негізгі күдікті екенін ресми түрде жариялады. Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қараша айында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниетпен екі адамды алдын ала жоспарлап өлтірген. Қылмыстан кейін мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, ізін жасыруға әрекет жасаған және жәбірленушілердің мүлкі мен ақшасын иемденген. Бұл іске байланысты тергеу амалдары жалғасуда. Айта кетейік, күдіктінің бес баласы мемлекет қамқорлығына алынған. Ал жоғалған отбасы туралы әлеуметтік желілерде тың деректерді таратқан хакерге халықаралық іздеу жарияланған.

