Залал көлемі 11 млрд теңгеден асты: ҰҚК Проблемалық кредиттер қорының экс-басшысын ұстады

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қаржы министрлігіне қарасты «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасының ұсталғанын хабарлады. Бұл туралы ведомствоның Telegram-арнасында мәлім етілді.

ҰҚК мәліметінше, экс-басшы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

«Тергеу материалдарына сәйкес, ол кепілге қойылған мүлікті сатудан түскен қаражатты қорға аудару орнына, жеке меншік иесіне заңсыз түрде ұстап қалуға мүмкіндік берген. Соның салдарынан мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірілген», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ ҰҚК бұрынғы басшы мемлекеттік мүлікті төмендетілген бағамен сатып, нәтижесінде бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалғанын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, борышкер компаниялардың меншік иесі және оның болжамды сыбайластары да ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар жалған құжаттар жасау арқылы кепілдегі жер телімдерін сатып, қорға 800 млн теңге көлемінде шығын келтірген.

Сот санкциясымен күдіктілер ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» және «Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану» баптары бойынша қамауға алынды. Олардың мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ведомство мәліметінше, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін журналист Михаил Козачков күдікке ілінгендердің қатарында 2018 жылғы қазаннан 2019 жылғы сәуірге дейін қорды басқарған бұрынғы басқарма төрағасы Дәулет Бақбергеннің қамауға алынғанын хабарлаған.

Еще больше интересного

Дәрігерлерді қорғайтын жаңа заң қабылданбақ

Мәжіліс депутаты Дана Медеуова «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасына бастамашылық ететінін мәлімдеді. Ол...

Түркі әлемінің ортақ тарихы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді

Түркістанда 880 беттен тұратын екі томдық энциклопедия таныстырылды. Бес жыл әзірленген ғылыми жобаға 300-ден астам ғалым қатысып, оған академик Дархан Қыдырәлі жетекшілік етті. Түркістан облысы...

Тоқаевтың Германияға ресми сапары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен...