Оңтүстік өңірлердегі су қоймаларындағы жағдай алаңдатады

Ішкі су көздері есебінен толатын бірқатар су қоймаларында су деңгейі төмен күйде қалып отыр деп мәлімдеді Су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов үкімет отырысында.

Түркістан облысындағы Бөген су қоймасында қазіргі таңда 278 млн текше метр су жиналған (жобалық көлемі – 370 млн м³). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 46 млн текше метрге аз.

Бадам су қоймасындағы су көлемі – 32 млн текше метр. 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18 млн текше метрге кем.

Ұқсас жағдай Жамбыл облысындағы Теріс-Ащыбұлақ, Қарақоңыз, Қақпатас, Жартас және Бүркітті су қоймаларында да байқалады.

Өткен жылы вегетациялық кезеңнің күрделі өткенін ескере отырып, екі облыстың әкімдіктеріне ылғалды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін шектеу бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

Су ресурстарын тиімді пайдалану – алдағы маусымның басты міндеті.

Еще больше интересного

Дәрігерлерді қорғайтын жаңа заң қабылданбақ

Мәжіліс депутаты Дана Медеуова «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасына бастамашылық ететінін мәлімдеді. Ол...

Түркі әлемінің ортақ тарихы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді

Түркістанда 880 беттен тұратын екі томдық энциклопедия таныстырылды. Бес жыл әзірленген ғылыми жобаға 300-ден астам ғалым қатысып, оған академик Дархан Қыдырәлі жетекшілік етті. Түркістан облысы...

Тоқаевтың Германияға ресми сапары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен...