Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей ұшамыз ба?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының басшысы Питер Фостермен кездесті,-деп хабарлайды Ақорда.

Кездесудің басты жаңалығы — Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесі талқыланды. Яғни болашақта Америкаға аралық қонбай, бірден ұшу мүмкін болуы мүмкін 

Сонымен қатар:

  • • жаңа, алысқа ұшатын заманауи ұшақтар сатып алу;
  • • отандық авиацияны күшейту;
  • • Air Astana-ны Еуразиядағы ең мықты әуе компанияларының біріне айналдыру жоспарлары айтылды.

Қысқасы, қазақ әуе тасымалы үлкен өзгерістерге дайын.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Питер Фостердің 2026 жылдың наурыз айының соңында бас атқарушы директор қызметінен кететіні туралы ақпарат шыққанды. Ол Air Astana-ны 20 жыл басқарды.

Еще больше интересного

Дәрігерлерді қорғайтын жаңа заң қабылданбақ

Мәжіліс депутаты Дана Медеуова «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасына бастамашылық ететінін мәлімдеді. Ол...

Түркі әлемінің ортақ тарихы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді

Түркістанда 880 беттен тұратын екі томдық энциклопедия таныстырылды. Бес жыл әзірленген ғылыми жобаға 300-ден астам ғалым қатысып, оған академик Дархан Қыдырәлі жетекшілік етті. Түркістан облысы...

Тоқаевтың Германияға ресми сапары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен...