Олигархтар тозығы жеткен нысандардан құтылып жатыр ма?

Олигархтар тозығы жеткен нысандардан құтылып жатыр ма?

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мен Петропавл қаласының әкімдігі арасында «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-ын муниципалдық меншігіне беру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр деп, хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл орайда олигархтар тозығы жеткен жылу жүйесінен құтылып жатыр ма?-деген сұрақ туындайды. Себебі, бизнесмендер Александр Клебанов пен Сергей Канға тиесілі «Петропавл жылу желілері» кәсіпорнын осы жылдың соңына дейін коммуналдық меншікке беру жоспарланып отыр. Бұл жайында отандық БАҚ жарыса жазып жатыр. Жылу желілерін, оның ішінде атышулы №2 жылу электр орталығын (ЖЭО-2) беру туралы ақпарат алғаш рет «ЦАЭК» компаниясының 2024 жылғы қаржылық есебінде жарияланған. Мұнда 100% акцияны беру көзделген. Келісім құны әзірге белгісіз. Кан мен Клебановқа нысанды жөндеп шығынданған гөрі, оны мемлекетке сатқан тиімдірек сияқты. Ал тозығы жеткен жылу жүйесін сатып алған мемлекетке тағы да аурытпашылық түсетіні сөзсіз ғой. Энергетика министрлігі Петропавл әкімдігі онда ең алдымен тұрғындар үшін тарифтердің өсуін тежеп отыр деп түсіндіреді. Сондай-ақ, қалалық билік жылу желілерін жаңғыртып, энергия тиімділігін және сенімділікті арттыруды, тозу деңгейін азайтуды көздейді. Қазір жылу жүйесінің тозу деңгейі 70%-дан асады. Энергетика министрлігінің комитет төрағасы Ержан Ертаев аталмыш нысанды жергілікті әкімдікке өткізу келіссөзі жүріп жатқанын айтты.

– Бұл мәселеде шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Әкімдіктердің шешімі министрлік құзыретіне кірмейді. Қазір Петропавлдағы нысанды жергілікті әкімдікке өткізу туралы келіссөз жүріп жатқанын білеміз. Павлодар қаласында да сондай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ ол да министрліктің құзыретінде емес.

Еске сала кетейік, бұған дейін Александр Клебанов пен Сергей Кан жалпы құны 3,7 млрд теңге тұратын жылу желісінің мүлкін Екібастұз қаласы әкімдігінің балансына өткізген болатын. Бұл — жылу стансасындағы мүліктерді қаланың коммуналдық меншігіне берудің екінші «траншы.

Тағы оқыңыз...

Индустриядағы іске аспаған жоба

Дамыған автомобиль өнеркәсібі – кез келген елдің индустриялық және технологиялық деңгейін көрсететін басты көрсеткіштердің бірі. Осыны ескерген...

Инфляцияны төмендету мәселесі Үкімет бақылауында.

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктерін белсенді қолдануды тапсырды. Соңғы екі айда инфляция 12,4%-ға...

Аким Астаны попросил депутатов быть осторожнее в высказываниях

Во время сессии столичного маслихата аким Астаны Женис Касымбек призвал депутатов тщательнее подбирать слова и отвечать за...